«Тоқал болмаймын»: 21 жастағы жамбылдық қыз өзіне олигарх жігіт іздеп жүр

0

Жамбыл облысының 21 жастағы тұрғыны Зарина Қалжанбаева бай жігітке тұрмысқа шығуды армандайды. Қаржыгер мамандығын бітірген ару көк қағазы көп, дәулетті жігітке тұрмысқа шыққысы келетінін «Евразия» арнасындағы «Кеш қалмайық» бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Зарина Қалжанбаева. Фото: Видеодан кадр

Зарина Қалжанбаева. Фото: Видеодан кадр

«Әр қыз қалталы азаматқа тұрмысқа шығуды армандайды. Бірақ, ұялғандықтан «мінезі жақсы болса» деп айтады. Мен үшін ер адамның ақшасы болуы керек.

Егер ол адамның басы істейтін болса, ақылды болса онда оның ақшасы болады.

Мен осы себептен қалталы азаматқа тұрмысқа шығамын деп мақсат қойдым», — дейді 21 жастағы қыз.

Бойжеткеннен бағдарлама жүргізушісі «Біреудің тоқалы болуға қалай қарайсыз?» деп сұраған.

«Тоқал болуды қаламаймын. Кейін менің күйеуім де «тоқал аламын» десе, қандай күйде болатынымды білемін ғой.

Ол жағдайдың өз басыма түспесін қайдан білемін. Ақшасы миллион болса да, қалталы азаматтың екінші әйелі болуға келіспеймін«, — деп ағынан жарылды Зарина Қалжанбаева.