Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"93 жасыңда өмірден өтесің деді! Соны күтіп жүрмін..." – Мұхтар Шаханов (ВИДЕО)

"93 жасыңда өмірден өтесің деді! Соны күтіп жүрмін..." – Мұхтар Шаханов (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде ақын Мұхтар Шахановтың бір сұхбаты кеңінен тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

2024 жылы "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында ол бұрын-соңды ел естімеген жайтты айтты.

"Бадам деген ауылда біреудің малханасында тұрдық. Ол кезде өзіміздің жеке үйіміз болмады. Сол кезде мен көршілерден тиын сұрап, Шымкентке тарттым. Ақша жоқ, Шымкентке жаяу бардым. Базарды кесіп өте бергенімде, сол жерде беті шодыр-шодыр бір кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Соған мен де қолымды ұстаттым. Сонда маған айтты: "Балам, сен бүкіл жер шары білетін адам боласың. Бүкіл жер шарында сендей абыройы биігіне, даңқ биігіне көтерілген адам болмайды. Сен өзің 93-ке келіп, өмірден кетесің", – деді. Соның айтқанының бәрі келді ғой. Дүние жүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Барлық мемлекетте болдым. Маған енді 93-те кетуге 11 жыл уақыт қалыпты. Соны күтіп жүрмін. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер