Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады

Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады
Кремль баспасөзі

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні кешке Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kznews.kz Кремльге сілтеме жасап. 

“Кремльде Владимир Путиннің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті”, – деп жазды Кремль.

Алайда екеуінің не себепті кездескені айтылмады. 

Ресей президентінің баспасөз қызметі жариялаған видеодан Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев ақ гүлдермен безендірілген дөңгелек үстел басында отырғанын көруге болады.

Саясаткерлер осымен екінші рет кездесіп отыр. Алдыңғы кездесу 2025 жылы 29 мамырда өткен. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы ол кездесудің жеке сипатта болғанын мәлімдеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.