Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Екі деген бағаның болмауы білім сапасына төнген қауіп – депутат пікірі

Екі деген бағаның болмауы білім сапасына төнген қауіп – депутат пікірі
Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков жалпы білім беру жүйесінде алаңдататын үрдіс қалыптасқанын айтып, бағалау жүйесінің шынайылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылдан астам уақыт ішінде елімізде екінші жылға қалатын оқушылардың ресми көрсеткіші іс жүзінде тіркелмей отыр. Алайда бұл барлық бала оқу бағдарламасын толық әрі бірдей деңгейде меңгеріп жатыр дегенді білдірмейді.

— Педагогика ғылымында балалардың білімді қабылдау қабілеті әртүрлі болатыны дәлелденген. Бір оқушы материалды тез игереді, енді бірі баяу қабылдайды. Бұл – табиғи процесс. Соған қарамастан, бүгінгі бағалау жүйесінде оқу мазмұнын толық меңгермеген оқушыларға да қанағаттанарлық баға қойылып, олар келесі сыныпқа көшіріле береді, — деді депутат.

Оның пікірінше, мұндай жағдайда білімдегі олқылықтар жойылмай, жыл сайын жинақтала түседі. Ал бұл мәселе ресми статистикада көрініс таппай, тек оқушы мектепті аяқтап, жоғары оқу орнына түскеннен кейін немесе еңбек нарығына шыққанда ғана байқалады.

— Оқушы 11 сыныпты формалды түрде тәмамдайды, алайда оның нақты дайындық деңгейі кейін ғана анықталады. Бұл жағдай жоғары білім жүйесіне де, еңбек нарығына да қосымша қиындықтар туғызады, — деп атап өтті Олжас Құспеков.

Депутат мәселені оқушыларды жазалау немесе шектеу ретінде қарастыру дұрыс еместігін айтты. Оның сөзінше, басты мәселе – білім беру жүйесіндегі ахуалды объективті бағалау және нақты көрсеткіштерді жасырып қалмау.

— Егер бағалау жүйесі баланың нақты білім деңгейін көрсетпесе, ұзақ мерзімді перспективада бұл білім сапасына да, адами капиталдың дамуына да кері әсер етеді, — деді ол.

Олжас Құспековтің айтуынша, білім беру саласындағы мұндай үрдістерді дер кезінде мойындап, жүйелі түрде талдау және нақты шешімдер қабылдау – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар міндет.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.