Жаңалықтар

"Анасы да, жары да, балалары да тірі": Асанәлі Әшімовтің сирек кездесетін видеосы жарыққа шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Анасы да, жары да, балалары да тірі": Асанәлі Әшімовтің сирек кездесетін видеосы жарыққа шықты (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Әлеуметтік желіде КСРО Халық әртісі, қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің отбасына қатысты сирек видео кеңінен тарап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған бейнежазба Instagram желісіндегі "Alma_Almatym" парақшасында жарияланған. Кадрларда марқұм өнер иесінің анасы, жары және балалары бейнеленген. Видеодағы қарапайым, бірақ шынайы отбасылық сәттер көрерменге ерекше әсер қалдырған.

"Асанәлі ағаның анасы, жары, балалары осы видеода. Жылылық пен бақытқа толы қандай әдемі естелік", – деілнген видеоның сипаттамасында.

Желі қолданушылары бейнежазбаға бейжай қарамай, жүрекжарды пікірлерін қалдырды. Көпшілік марқұмның рухына тағзым етіп, отбасына сабыр тіледі.

Пікірлер арасында: "Жаны жәннатта болсын", "Қандай керемет естелік", "Отбасыға деген шынайы махаббат көрініп тұр" деген жылы лебіздер жиі кездеседі.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz