Жаңалықтар

"Ұлықпанның атына кір келтіріп отыр": Танымал әншінің әйелі шұғыл мәлімдеме жасады (ФОТО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Ұлықпанның атына кір келтіріп отыр": Танымал әншінің әйелі шұғыл мәлімдеме жасады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова әлеуметтік желідегі парақшасында бірқатар ақпараттық сайттардың тақырып қою тәсіліне наразылық білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Айған Жолдасова жазбасында әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге қатысты айтылған сөздердің бұрмаланып, арзан хайп үшін қолданылып жатқанын атап өтті.

"Димаш біздің өкіл баламыз. Ол әр сахнаға шыққан сайын, біз де тақым қысып, өз ата-анасымен бірдей уайымдап отырамыз. Оның да бізге деген құрметі, көңілі бөлек. Енді мына бір сайттың дұрыс айтылған әңгімені теріс айналдырып қойып отырған тақырыбын қараңыздар. Бұл жердегі мақсаттары не екен? Осылай екі адамның ортасына от салу ма? Халыққа жаман атты етіп көрсету ме? Кейбір кісілер арықарай ашып оқымайды, тақырыбын оқиды да астына нешетүрлі сөзді жазады. Негізі сұқбаттағы әңгіме мүлдем басқа. Жөні түзу әңгімені айналдырып осындай арзан тақырып қойып осы сайт өзінің қаралымын арттырып жатқан шығар, бірақ сол тірлігімен қазақты әлемге танытып жүрген баламыздың, 40 жылдан бері қазақ өнеріне қызмет етіп келе жатқан Ұлықпанның атына кір келтіріп отыр. Өздерінің бір күндік рейтингтері үшін басқалардың жылдап жинаған абыройын төге салу оңай болып тұр. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген, осындай арзан тақырып, жалған ақпарат тарататын сары басылымдардың кесірінен қазір журналистерге деген сеніміміз кетіп барады. Сұқбатқа шақырса баруға, барсақ бірдеңе айтуға қорқатын болдық. Осындай сайттар тек ешкім оқымай қойғанда ғана жойылатын шығар", – деп жазды Айған Жолдасова.

Жазба желі қолданушыларының қызу қолдауына ие болды. Көпшілік Ұлықпан Жолдасов пен Димаш Құдайбергенге деген құрметін білдіріп, жалған ақпарат тарататын сайттарды заң аясында жауапкершілікке тарту керек деген пікір қалдырды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz