Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Құдағисымақтар”: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзін жамандаған халықты орнына қойды

“Құдағисымақтар”: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзін жамандаған халықты орнына қойды
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты дау әлеуметтік желіде әлі де басылар емес. Әсіресе оның екінші жары Айманға бағытталған сын мен ауыр пікірлер қоғамда кең талқыланып жатыр. Осы жағдайға байланысты Қабатовтың жұбайы да үн қатып, өзін айыптағандарға қатысты заңды шара қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде Айманға қарсы пікір қалдырғандардың бірі оны қатты сынға алып, жеке басына тиісетін жазба жариялаған. Онда:
«…бес баланың бақытын быт-шытын шығарған адам қалай бақытты болады… бес баланың көз жасы жібермейді… ақшаға бола тиген ғой…», – деген сарындағы ауыр сөздер жазылған.

Бұл жазбаға жауап ретінде Айман әлеуметтік желідегі парақшасында ашық реакция білдірді. Ол өзін сынағандардың суреттерін жариялап, сотқа жүгінетінін аңғартты.

«Ауыздарына ақ ет кіріп, көк ит шығатын, ақ жаулықты апа деп айтуға келмейтін, Құдай болып кеткен құдағи сымақтардың әдемі фотосын салып отырамын. Таныс болыңыздар. Адвокатыма жалақы болдыңыздар», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында жаңа пікірталас тудырып, жұртшылықтың көзқарасын тағы екіге бөлді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.