Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Дала Қырандары» қоғамға арналған әлеуметтік ролик ұсынды

«Дала Қырандары» қоғамға арналған әлеуметтік ролик ұсынды
Видеоролик кадры

«Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігі қоғамдағы жауапкершілік, тәртіп және дұрыс таңдау құндылықтарын насихаттайтын әлеуметтік роликті көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнероликтің негізгі идеясы — адам өмірінде қателік болуы мүмкін екенін, алайда өткенге байланып қалмай, одан сабақ алып, дұрыс жолды таңдауға әрдайым мүмкіндік бар екенін көрсету. Ролик кейіпкері арқылы жеке жауапкершілік, өзін-өзі дамыту және қоғамға пайдалы болу ұғымдары айқын жеткізіледі.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл бастама жастарға мотивация беріп, дұрыс өмірлік бағыт таңдауға үндеуді мақсат етеді. Әлеуметтік ролик қоғамда оң құндылықтарды нығайтып, саналы шешім қабылдаудың маңызын еске салады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.