Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жасанды интеллект көмегімен президент жанында “фотоға түскен” қыз 32 мың теңге айыппұл төледі

Жасанды интеллект көмегімен президент жанында “фотоға түскен” қыз 32 мың теңге айыппұл төледі
Фотоиллюстрация: kznews.kz

Бішкекте блогер Акума Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бірге түскендей болып, жасанды интеллект арқылы жасалған ерсі фотосурет үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған сурет әлеуметтік желілерде кеңінен тарағаннан кейін, оған Бішкек қалалық ІІБ назар аударған. Құқық қорғау органдары қызды тауып, Октябрь аудандық сотына жеткізді. Сот шешімімен оған 5 500 сом (32 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды.

Қырғызстандық адвокат Шердор Абдыкапаров сот жұмсақ шешім шығарды деп бағалады. Оның айтуынша, мұндай бейнелер мазақ ету нысаны ретінде қарастырылып, қатаң түрде жауапқа тартылуы мүмкін  екенін еске салды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.