Жаңалықтар

"Өмірден өтеріңнің алдында түсімде көргенім бар еді... Бұл не құдірет?"

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Өмірден өтеріңнің алдында түсімде көргенім бар еді... Бұл не құдірет?"
kznews.kz коллажы

Майра! Сенің рухың мықты, мәрт болып шықты. Қос қозыңды қасыңа алдың. Бәлкім, ертерек кетіп, қандыра алмай кеткен аналық мейірімің магниттей тартты ма екен құлындарыңды. Түсіме жиі енбегеніңмен, анда-санда кіресің, нұрлы жүзіңді анық көремін.

Бұл өмірден өтеріңнің алдында (3 наурыз, 1993 жыл) түсімде көргенім бар еді. Жар жағалап келеді екенбіз деймін. Екеуміз де ерекше көңілдіміз. Бізден асқан бақытты жан жоқ. Жағалауды жалғыз екеуміз ғана жалпағынан басып келе жатқандаймыз. Дүниенің бар қызығын екеуміз ғана иеленгендейміз. Әйтеуір бір биіктеміз. Екеумізге де қанат біткендей, ұшып келе жатқандаймыз. Төменде, қол созым жерде айдын көл жарқырап жатыр. Ойымыз сол айдынға түсу. Мен өзімше, сол баяғы жігіт кезімдегідей әбжілдік танытып, бір оңтайлы жерден секіріп түсіп, сымдай тартылып тұра қалдым да саған қол создым. Кенет, иә, кенет... «Майра, Майра» деп айқайлап жібердім. Менің даусымнан аспан мен жердің арасы астасып кеткендей болды. Сенде үн жоқ. Көрінбей кеттің. Содан жоғары қарай өрмелеп бара жатыр екенмін деймін, оянып кеттім. Неге екенін кім білсін, әйтеуір, таң ата көрген түсім айнымай келеді.

Осыдан кейін көп ұзамай өмірден өттің. Мәди қайтарынан үш күн бұрын да түс көріп едім. Жаңа қазылған қабірдің жас топырағын басып өтіппін. Артыма қарасам із қалыпты. Құдайдың құдіреті, Сағида да осылай болды. Шыны түтіктен бұрқ-сарқ етіп қан жүріп жатыр екен деймін. «Апыр-ай, жарылатын болды-ау» деп зәрем зәр түбіне кетіп тұрмын. Ақыры әлгі түтікше жарылып тынды. Үш күннен кейін шауып жүрген сап-сау Сағиымның жүрегі жарылды. Тәңірі құлақ кесті пендесіне осынша қасірет қамытын кигізуге пейілді емес болар, сонша жазықты болатындай жағдайымыз да жоқ еді. Кейде осының бәрі Тәңірінің өз еркінен тыс, Құдайдың өзі қалғып кеткенде болатын іс пе деймін. "Өйткені, сол бір Тәңірінің тілеуімен дін-аман жетіп едік қой осы күнге. Дегенмен бұл жағдайлар кездейсоқтық та емес.

«Түсімде аян берді» деп жатушы еді, көне көздер, сол сірә, бекер де болмас. Себебі, кино түсіріп жүрген кезімде де, театр сахнасында да оң жамбасыма келе қоймаған ккино түсіріп жүрген кезімде де, театр сахнасында да оң жамбасыма келе қоймаған кейбір эпизодтар, күрделі образдарға түсімде қолдау, сүйеніш тауып жүретінмін. Қысқасы түсіме табысқа жетіп жүрдім, шынайы өмірде де солай болып жататын. Бұл не құдірет?..

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz