Қаржы

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер жаппай жабылып жатыр: Қаржы министрлігі жауап берді

Жарқын Омаров Жарқын Омаров
Қазақстанда жеке кәсіпкерлер жаппай жабылып жатыр: Қаржы министрлігі жауап берді
Фото: Depositphotos.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің жаппай өз қызметін тоқтатып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Өткен жылдан бері бізде оң сальдо байқалады. Бизнес субъектілерінің саны 150 мыңға артты. Мысалы, 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда оң сальдо тіпті 50 мыңнан аз болған. Яғни, керісінше, жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін жеке кәсіпкерлер жабылмайды, олардың саны көбейіп келеді. Бұл ресми статистика», - деді Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Қазан айында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жеңілдетілген салық режиміндегі жаңа тыйым салынған тізім қабылданғаннан кейін шамамен 300 мың бизнес субъекті жабылуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Біржанов бұл сценарийдің мүмкін екенін атап өтті.

«Мен әрдайым айтатынмын, бір бизнестің айналасында оны қосылған құн салығына өтуден сақтайтын екі-үш жеке кәсіпкер болады. Бұл  белгілі бір серіктестер. Кейде дүкендер мен басқа объектілердің иелері өз қызметкерлерінің атына жеке кәсіпкер ашатын. Енді мұны істеудің қажеті жоқ, себебі біз жеңілдетілген режим қағидаларын өзгерттік», - деді вице-министр.

 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz