Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Назарбаев бастаған ұрлық”: Экономист билікке қатысты пікір білдірді

“Назарбаев бастаған ұрлық”: Экономист билікке қатысты пікір білдірді
Фото: MadeniPortal.kz

«Ел дауысы» YouTube арнасына экономист, «Елге қайтару» қорының құрылтайшысы Оразалы Ержанов сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында ол елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты өткір пікірлерін білдіріп, билік жүйесіндегі кемшіліктер мен экономиканың осал тұстарына тоқталды. Оразалы Ержановтың айтуынша, өзі де кезінде саяси қысым көрген. Экономист бұл ретте:

«Назарбаев мені «мочите» деп бұйрық берген», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол экс-президенттің тұсында өз басынан өткен қиындықтарды да әңгімелеп өтті.

Ержанов құқық қорғау және сот жүйесіне қатысты да ойын ашық айтты. Оның пікірінше, елде заңның мүмкіндігі бар, алайда ол таңдап қолданылып келеді.

«Елімізде заң жақсы жұмыс жасайды. Қанша адам сотталып жатыр. Біреудің артына түссе, заң соттауға дәрмені жетеді. Ал олигархтардың сотталуы биліктің тапсырмасына байланысты. Билік әділетті болса, сотта десе, кез келген олигархқа тіс батады. Бірақ олай айтып жатқан ешкім жоқ, тапсырма жоқ. Кезінде Назарбаев бастаған ұрлық әлі жалғасып жатыр», – деді экономист.

Бағдарлама барысында Оразалы Ержанов қазақ халқына да үндеу тастады. Оның айтуынша, ел азаматтары күш біріктіріп, ортақ инвестициялық қор құруы қажет. Бұл қорға жасына қарамастан әрбір азаматтың үлесі болуы тиіс деп санайды. Сонымен қатар ол елге қайтарылды делінген активтерден халыққа «1 тиын да тимеген» деген пікірін білдірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.