Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тайвань мен Жапонияда жер сілкінісі болды

Тайвань мен Жапонияда жер сілкінісі болды

Қытай жер сілкінісі желілері орталығы Тайваньдағы Илань округінде 6,6 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 24,67 градус және шығыс бойлық 122,06 градус координаттары бойынша тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 60 шақырым тереңдікте болған.

Жер асты дүмпулері Тайваньның барлық аумағында анық сезіліп, ғимараттар қозғалған. Әзірге аралда құрбан болғандар, зардап шеккендер және материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-шығысында 5,1 балдық жер сілкінісі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 29,75 градусында және шығыс бойлықтың 142,30 градусында орналасқан. Жерасты тербелісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте екені белгілі болды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.