Алматылық азамат із-түзсіз кеткен ағасына іздеу салды (фото) — новости Казахстана

0

Алматылық Қуат Нұрмаханов есімді азамат NUR.KZ редакциясына хабарласып, туған ағасы Қуандық осы жылдың 13 қараша күні жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады.

Нұрмаханов Қуандық/ Мұрағаттан

Нұрмаханов Қуандық/ Мұрағаттан

Бұл жағдай сағат 10:00 мен 12:00 арасында орын алған. Қуаттың сөзінше, соңғы рет оның ағасын «Саяхат» автовокзалы ауданынан байқапты.

Ал Қуандықтың үлкен ағасы Рашид полицияға арыз түсірген. Бұл іске қатысты материалды Алматының Жетісу аудандық полицияның тергеушілері тіркепті.

Қуат Нұрмаханов ағасының 1982 жылы дүниеге келгенін айтты. Жоғалған күні ол үстіне қою қызыл түсті свитер, қара күртеше мен қара джинсы шалбар киіп жүрген, сондай-ақ, аяғында да қара түсті аяқ киім болған. Қуандықтың бойы шамамен 178-180 сантиметр, ширақ денелі.

Жалпы Қуандық сол күні «Сайран» автовокзалы арқылы Алматыдан Балқашқа жол жүру қажет болған екен.

Алматы полиция департаменті бұл азаматты іздеуге арнайы жедел топ құрды.