Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмырнамасы | Скачать Дипломдық жұмыс
Мазмұны
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … 3
… … … … … … … … .. … … 8
1. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың 8
ғұмырнамасы … … … … … … … …
1.1. Тұлға болып қалыптасуы (балалық шағы, білім алуы) … … … 19
1.2. Қазақтың тұңғыш ғарышкер жайында халық жадында жүрген 32
естеліктер … … … … … … … … … … … … … … … 32
… … … … … … … … .. … … …
2. Ғарышкер және 42
Қазақстан … … … … … … . … … … … … … … … … 55
… … … .. 58
2.1. Байқоңыр ғарыш алаңы және Т.Әубәкіров сапары
… … … … …
2.2.Т.Әубәкіровтің қазақ қоғамына мен саясатына деген
көзқарасы … … … … … … . … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … … .
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … . … … … … … … … … …
… … … … … … … … .
ПАЙДАЛЫНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … …
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақ халқының дара ғұламасы, тұңғыш
ұшқыш, кеңес одағының батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров. Оның халқымыздың
аспан әлемі мұрасын зерттеу ісінде бітірген шаруалары да аса ауқымды.
Ұшқыштың бұл тұрғыдағы жұмыстары Тоқтардың қаһармандық қырын сөз еткен
еңбектерде қозғалып жатады. Дегенмен, Тоқтар Оңғарбайұлы жайында айтылған,
пікірлермен өзінің жеке басына қатысты деректерді, өзінің берген
сұхбаттарын жан-жақты зерттеп, жазу назарға көп алынбай келеді. Ал шын
мәнінде, Тоқтардың аспан әлемін тану саласын, космос саласында, ел ішінде
жарық жұлдыз атануының негізгі қайнар бұлақтарының бірі – оның сол
ерліктерін аса зор таныммен, биік білімпаздықпен талдап, таразылағанынан да
бастау алады.
Қазіргі тарих ғылымында болып жатқан жақсы өзгерістердің бірі – төл
тарихымыздың әлі де болса ашылмай жатқан тұстарын толықтыра түсіп, жан-
жақты, сан қилы дәлелді дерек көздерін ғылым ағымына құю өз жалғасын
табуда. Ал осы тарих ғылымына деген қызығушылықтың бүгінгі күні жоғарғы
деңгейге көтерілуінің басты себебі – ол ел тәуелсіздігі. Тәуелсіз халықтың,
еркін ұлттың өз өткенін, ата-баба тарихына деген қызығушылықтан туындаған
ұлттық сұраныс. Қазіргі уақытта қазақ тарихы қайта өрлеу, қайта түлеу
кезеңінде.
Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл
тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Осыған орай бүгінде
еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған тарихи тұлғаларға ұлттық
мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде. Себебі
кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен
жолын, әсіресе күрделі тарихи кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық
қызметімен тарихта терең із қалдырған жеке тарихи тұлғалардың өмір жолын
зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған. Оның үстіне әр
кезеңде тарихи тағдырлары үздіксіз бұрмаланып келген жеке тұлғалар туралы
тарихи шындықты қалпына келтіру бүгінгі ұлттық тарихымыздың қалпына келуі
үшін де аса қажет. Өйткені тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану жас
ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны белгілі.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттілікті нығайту
бағытындағы ізденіс үстінде. Мемлекеттің ұлттық негізінің беріктігі-әлемдік
жаһандану үрдісінен туындайтын ұлттық болмысқа қауіп төндіретін кері
әсеріне тосқауыл болудың бірден-бір кепілі болып табылады.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағлымынан
сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы қазақ елінің
тарихи тұлғаларын, қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші
ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер
тындырылғаны да белгілі.
Бүгінде тәуелсіз елдің алға қарыштап дамуы тарихи шындықты мейлінше
тереңдетіп зерттеуді, халқымыздың өзіндік жолы бар тарихын жаңа табылған
деректерге сүйеніп зерттеуді талап етеді.
Кеңес Одағының батыры Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл
толғанда Ресей Федерациясы дүбірлетіп той жасады. Тоқтар Әубәкіровтың
ғарышқа ұшқаныңа 2021 жылы 30 жыл толмақ. Біздің мемлекет тарапынан
мерекені тойлауға қандай ұсыныстар түсті? деген сұраққа Т.Әубәкіров: Мені
Ресей үкіметі Ю.Гагариннің тойын тойлауға шақырды. Ғаламторды қарасаңыз,
бәрі ілулі тұр. Ал біздің мемлекет тарапынан ешқандай ұсыныс әлі түсе
қойған жоқ, – дейді.
Тақырыптың өзектілігі мемлекеттік 100 жаңа есім бағдарламасының
бағытымен де үндеседі.
Зерттеу жұмысының тарихнамалық деңгейі Тоқтар Әубәкіров жайлы арнайы
немесе толыққанды тарихнамалық немесе тарихилық зерттеулер болған емес.
Десе де осы зерттеліп отырған мәселенің кейбір аспектілері Тоқтар Әубәкіров
жайында айтылған мақалаларда, сұхбаттарда көрсетіледі.
Əбілдинов Қ. Тоқтардың Мұражайына тарту жасады: жағымды жаңалық
деген мәтінде орталық Қазақстан ақпараттық баспасына-2006 жылы 16 ақпанда
сұхбат беріп, Тоқтар аға туралы кең көлемде ақпарат берген[1]. Одан бөлек
Ақсұңқарұлы С. Алашым менiң – Аспанда: Т.Əубəкiровке арналған өлең
шығарады[2]. Асауов Д. болса Жерде жүр, жанарынан от бораған аспанды аңсап
жүрегі, Тоқтар ағам!: Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров 60 жасқа,
ғарышқа самғағанына 15 жыл толды деген мақала жазған[3]. Ахметов Қ.
Тоқтар ұшқан күні қазақ неге жым-жырт? тұңғыш ұшқыш күніне орай мақала
берген[4].
Бəймен А. Тоқтар Əубəкіров: Біздің ғарышқа ұшуымызға Президентіміз
көп еңбек сіңірді: Ғарышкер Тоқтар Əубəкіровпен сұхбат Заң газетіне
сұхбатын жариялайды[5]. Байтұрсын Т. Ғарышкердiң ұстаздары атты мақаласын
жариялайды[6]. Бақриденқызы Б. Ғарышкерге арнау: [2қазан Т.Əубəкіровтың
ғарышқа ұшқанына 15 жыл] атты арнау арнаған[7]. Ермекбаев Т. Ғарышта
–қазақ қыраны: Т.Əубəкiров туралы сұхбат берген[8]. Есали А. Ғарышкер өз
атында мектеп бар екенiн бiлмептi деп сұхбат берген[9]. Есеев И.
Қарқаралыдан Атырауға дейін: даңқты ғарышкер атындағы ел біріншілігі
[10]. Жəкейұлы М. Тоқтар Əубəкiров: Ғарышта тұрып, ата-бабаларыма алғыс
айтамын: қазақ сынақшы-ұшқышы Тоқтар Əубəкiровпен сұхбат [11]. Жəмкенов
С. Арқадан ұшқан ақиық: очерк [12]. Жөкiпбаев Е. Ғарышкер Тоқтарға [13].
Жүз тұңғыш. 2-кітап [14]. Жұмағали С. Қазақтың һас батыры [15].
Зұлқажаев А. Батырымызды бағалай білеміз бе?: Т.Əубəкіров -60 жаста [16].
Ісiмақова А. Қазақтың тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Əубəкiров мырзаға [17]!.
Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 4-том[18]. Қазақстан ХХ ғасырдың екінші
жартысынан біздің уақытымызға дейін [19]. Қабыханов А. Ғарыш əлемiне
саяхат: Т.Əубəкiровтың ғарышқа ұшқанына – 10 жыл [20]. Қабыханов А. Қазақ
ғарышына –10 жыл [21]. Қазақ қыранның ғарышқа самғағанына он жыл [22].
Қауысов Б. Ғарышкерді ғаламға танытқан: əріптес жайлы əңгіме [23].
Қилыбаева Р. Тоқтар – текті əулеттің өрені [24]. Қуанбай А. Барымызды
бағалай білейік: Қазақстанның ғарышты игергеніне — 15 жыл [25]. Қыныбаева
Р. Қазақ аспанында туған жұлдыз: Т.Əубəкiровтың ғарышқа ұшқанына 10 жыл
[26]. Қышқанұлы С. Президент не дейді? Біз не дейміз? [27]. Лəмбекұлы С.
Ғасыр саңлағы: Тоқтар туралы толғау [28]. Лұқпан Е. Ғарышқа жол
Байқоңырдан бастау алды [29]. Лұқпан Е. Құрыш қала шежіресі: Ғарышта
Теміртау түлегі [30]. Майбас Т. Қарағанды –ғарышкерлер отаны [31].
Мақаш Д. Ғарышкерлер мүйiсi [32]. Махамбет М. Ерлiк Ақыл парасатынан
туады: (Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, запастағы авиация генерал-
майоры Т.Əубəкiровпен сұхбат) [33]. Махметұлы С. Тоқтар батыр ел
ортасында: Т.Əубəкіров -60 жаста [34]. Машайықұлы М. Ұлылықты ұғасың
Ұлытаудан: Жыр дəптерінен [35]. Мұхтаров С. Мешітпен 70 жылдан соң қайта
қауыштық [36]. Мырзаханұлы Н. Жүрегі — мəрт, жаны – жомарт азамат:
[ғарышкер Т.Əубəкіров туралы] [37]. Несіпбай А. Əпке: [тұңғыш Қазақстан
ғарышкері Тоқтар Əубəкіров туралы] [38]. Ниязбеков Р. Мені ғарышқа
ұшырған кім?: (Тоқтар Əубəкіровтың монологы) [39]. Омарбеков М. Ғарыш
сапары Қарқаралыдан басталған: Т.Əубəкiров туралы [40]. Омарбекұлы М.
Қазақтың ғарышы Қарқаралыдан басталып еді[41]. [Халық қаһарманы Тоқтар
Əубəкіровтың мерейтойынан репортаж] [42]. Қорғасбектегі Ж. Ғарышкер
[43]. Орымбеков Т. Қазақтың қайсар ұлы: Ғарышкердің ғарышқа ұшқанына- 15
жыл [44]. Өмiрбекұлы Ж. Жеттiк-ау, Тоқтар, бұл күнге: Өлең [45].
Рысдəулет М. Тұңғыш: қазақ ғарышкері туралы тұңғыш кітапты оқығаннан
кейінгі туған ой [46]. Сағынтай С. Қарқаралы қыраны, ұлтының ұраны:
қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров 60 жасқа, ғарышқа самғағанына 15
жыл толды [47].
Сахиев Ж. Байқонырдан бастау алған жұлдыз жол: 12 сəуір –
Дүниежүзілік ғарышкерлік жəне авиация күні [48]. Сейітқалиұлы Д. Жұлдызды
сапар: Қазақстанның ғарышы [49]. Сексенұлы С. Қазақтың тұңғыш ғарышкерi:
Т.Əубəкiров туралы [50]. Сексенұлы С. Тұңғыш ғарышкерді қабылдады:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров 60 жасқа, ғарышқа самғағанына 15
жыл толды [51]. Сланбекұлы М. Қыранын аялаған Қарқаралы үш жүздiң басын
қосты: [Т.Əубəкiров туралы] [52]. Смайыл К. Тəуелсіздіктің бірінші жылы:
қандай оқиға есте қалды. ҚР-ың тəуелсіздігіне – 10 жыл [53]. Смайылов К.
Ғарыш жəне Қазақстан: 12 сəуiр –Дүниежүзiлiк авиация жəне космонавтика
күнi [54]. Сүйiнбай Т. Батырдың тұлпарының тұяғына дейiн сұлу: Тоқтар
Əубəкiров туралы [55]. Сүйiнбай Т. Жылдамдық пен жалғыздық: Тоқтар
Əубəкiровтiң азаматтық өмiрiнен бiр үзiк сыр [56].
Сүйiнбай Т. Сынақшы мен саясат: ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Əубəкiровтiң
айтқанақиқат астарында не жатыр [57]? Сүйiнбай Т. Тұңғыш қазақ ғарышкерi:
[Қазақстанның тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Əубəкiров туралы] [58].
Сүйiнбай Т. Əлем көз тiккен ғарыш айлағы [58]. Сүйiнбай Т. Ұшу: 2
қазанда қазақ азаматының тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанғанына бiр мүшел
толды [59]. Сүйінбай Т. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Əубəкіров:
Ғұмырнамалық эссе [60]. Сүйінбай Т. Аспандағы ағайындар [61]. Сүйінбай
Т. Қазақтың тұңғыш ғарышкері: саңлақ [62]. Сұлтанғазин Ө. Ғарыштан
қарағандағы Қазақстан: ҚР Ғарыштық зерттеу институтының директоры,
академик Ө.Сұлтанғазинмен əңгіме [63]. Т.О.Əубəкiровпен əңгiме
Əңгiмелескен Қ.Боранқұл[64]. Тайтөлеуов Ж. Қазақ-қыран ғарышта қалықтаса:
Т.Əубəкiровке арналған өлең [65]. Тайтөлеуов Ж. Қарқаралы төрiнде халық
қаһарманы: Спорт [66]. Тайшыбай З. Тоқтар Əубəкіров жəне Адмирал
Кузнецов: тарих жəне тұлға [67]. Тоқтарға: 2 қазан – Тоқтар ғарышқа ұшқан
күн [68]. Тұяқова А. Ғарышты бағындырған қазақ: Тоқтар Əубəкіровтің
ғарышқа ұшқанына – 15 жыл [69].
Зерттеу жұмысының деректік негізі Зерттеу жұмысының негізгі деректік
қорын Қазақстандағы республикалық, облыстық кітапхана қорларынан,
телеарналар мен баспа беттеріне берген сұхбаттардан және де Тоқтар
Әубәкіров туралы айтқан, пікір қалдырған, қызметтес болған кісілерден
жиналып алынды.
Əубəкiров Тоқтар Оңғарбайұлы Сiбiрде жазылған өлеңдер [70]деген
атаумен еңбегі зерттеу жұмысына деректік арқау болды. Одан бөлек Қазақтың
тірлігіне қарным ашады:ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Т.Əубəкіровпен
сұхбат Қапешов Н. Болған сұхбаты талқыланды[71]. Əубəкіров Тоқтар
Оңғарбайұлы Өтірік жаза алмаймын, ал шындықты айтуға болмайды: тұңғыш
қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Əубəкіровпен сұхбат Н.Байсақпен болған
сұхбаты талданды[72].
Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Ғарышқа тек Əубəкіров емес, бүкіл қазақ
баласы ұшып бара жатты: ғарышкер Т.О.Əубəкіровпен сұхбат М.Қаратайқызының
сұхбаты[73]. Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Қарағандылық Совет Одағының
батырлары берген сұхбаты талданды[74].
Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Қарағанды облысы: энциклопедиялық
жинағында берілген материалдар сараланып зерттеу жұмысына мұрындық
болды[75].
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – кеңес одағының батыры, тұңғыш
ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмыры мен ерлік істері өнегелік
үлгі ретінде талдау жасау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей нақты
міндеттер қойылды.
— Тұлға болып қалыптасу (балалық шағы, білім алуы)кезеңін зерттеу.
— Қазақтың тұңғыш ғарышкер жайында халық жадында жүрген естеліктер
— Қазақ қыраны жайында халық жадында жүрген естеліктерді саралау.
— Байқоңыр ғарыш алаңы және Т.Әубәкіровтың ғарышқа сапары жайлы
сипаттау
— Т.Әубәкіровтің қазақ қоғамы мен саясатына деген көзқарасын талдау
Зерттеудің теориялық және қолданыстық маңызы. Тұлғалық деректерді
сараптау арқылы елдегі тарихи тұлғалардың ғұмыры мен үлгі етер істерін
өскелеген ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге зерттеудін тәжірибелік маңызы зор.
Осыған байланысты жаңа ғылыми тәсілдер мен талдау әдістерін жетілдіру тарих
ғылымының теориялық негізін кеңейте түседі. Зертрттеудің жекелеген тұжырым,
қорытындылары тарих факультеті және филология факультеті тәлімгерлеріне
деректану негіздерін, қоғам мен мәдениеттің даму тарихын оқыту пәндеріне
пайдаланылуы тиіс. Зерттеу жұмысын жазу барысында жинақтау, талдау,
саралау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, іріктеу т.б. әдіс — тәсілдер
қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымдық негізі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмырнамасы.
1.1 Тұлға болып қалыптасуы (балалық шағы, білім алуы)
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп,
батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болды.
Халықтың соғыстан енді ес жиып, тұралап қалған шаруашылықты қайта
қалпына келтіріп жатқан уақыты. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары. Әкесі
Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі
перзентіне енді осы жаманымыз аман болсыншы деген ниетпен азан шақырып,
Тоқтар есімін берген. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-
анасынан айырылғаннан, Тоқтар Әубәкірұлы бұйығы, оқшау өсті дейді. Өмірдің
тауқыметін бесіктен белі шықпай жатып көрген, ол әпкесі Бикен мен жездесі
Нығметтің тәрбиесінде болған. Тоқтар Оңғарбайұлы өзінің балалық шағы туралы
журналистерге берген сұхбатында төмендегі әңгімені айтады. Тоқтар ағаның 3
жасар кезінде ауылына сырқат тұрғынды алып кетуге ұшақ келіп қонады.
Бірінші көріп тұрған беймәлім дүниені ауылдың бар баласы жағалап жүр. Ұшқыш
жігіттердіңбірі ұшаққа зиян тигізе ме деп шыр-пыр боп жүр. Бір кезде Ал,
балалар, кім батыл? Қане, ұшаққа мініңдер! Ұшамыз, – деді [1.9б].
Тоқтар аға ойланбастан ұшақ ішіне қойып кетеді де, ұшқыштың қасына
барып тұра қалады. Ағамыздың артынан еріп әртүрлі жастағы 5-6 бала кірген
болатын. Ұшқыш сол алаңқайды екі рет айналып жүріп барып тоқтады. Көкке
көтерілген де жоқ. Бала көңілшат-шадыман. Біз ұштық, бізұштық! деп
айқайлаған дауыс ауылдың екінші шетіне жетердей болды. Ұшқыш олардыұшақты
қорғап тұратын батырлар деп атады. Алсодан кейін бірде бір баланы ұшаққа
жақындатпай, қолдарына таяқ ұстап, жауынгердей сап түзеп тұрып алды. Ең
мықты күзетші болды. Сол бір шуақты күндеұшқыш болсам деген аяулы
арманбалаТоқтардың жүрегінен орын тапты. Осыдан кейін ағаштан ойып, ұшақтар
жасайтын бастады. Қанша ағаштан жасалған ұшақты көкке ұшырды. Әлі күнге
естеліктерүйде сақталып қалған. Әкесі– Әубәкір үлкен ұста болған кісіекен.
Ағаштан түйін түйген шебер болған. Әкесі Әубәкір Тоқтар ағаның 7 айлық
кезінде дүние салған. Сәби Тоқтардың алғаш еңбектегенінкөріп, көзіне жас
алыпты. Маңдайынан иіскеп, жалғыз ұлына сенім артып кете барды.
Т.Әубәкіровтің журналистерге берген сұхбаттарының бірінеде өз отбасысы
жайында былай дейді: Мен әке шешем алдында мәңгілік қарыздармын. Ол
кісілерді еске алмай болмайды. Менің жеті айлық кезімде әкем дүние салған.
Мені өмірге әкеліп, қанат берген адам — анам… Біреуге қиянат қылма,
өзіңе тиеді; өмірден қанша таяқ жесең де еңкейіп, басыңды име, тік жүр
дегендері әлі құлағымда жаңғырып тұрады. Жалғыз баласын әскери училищеге
шығарып салғаны қандай мықтылық десеңізші! Тек Балам, ұшқанда ақырын ұш,
қатты ұшпа — деп қалғанын қайтерсің… [1.17б].
Құжат бойынша әкесінің аты фамилиясы болып жазылып, атасының аты
әкесінің орнында қалып қойған. Өзі өскен ауылда 8-сынып болмағандықтан, 15
жасына толмай Теміртау қаласына көшіп келеді. Шешесін асырау үшін жүк
тасушы болып жұмыс істейді. Басқа жерге жеке басын куәландыратын құжаты жоқ
болғандықтан жұмысқа алмайды. Құжат алу үшін милицияның алдына барады.
Басшысы Тоқтар ағаның жағдайына қарап, уақытша құжат жазып береді де, Сен
баладан түбінде бір нәрсе шығады. Айтқаныңнан қайтпайды екенсің, – деп
күліп шығарып салады. Қазақша әкесінің атымен жазылады. Орысша дұрыс болып
жазылады да, кейін қазақшаланғанда ауысып кете барды. Кейін құжаттардың
бәрі қазіргідей жазылып кетті. Өсе келе Нұркен Әбдіров – Тоқтар ағаның
қиялындағы ұстазына айналды. Ол кісіге қатты еліктеп өсті. 10 жасында
ауылдан 40 шақырым жерде Нұркеннің туып-өскен жеріне жаяу барып қайтқан
кездері де болатын. Әйгілі ұшқыш басқан топырақты басу, ауасын жұту –
балаТоқтардың тілегі болған. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы
мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт ең алдымен аэроклуб
үйірмесіне қатысып, парашютпен секіруге әуестенгег. Тоқтар мойымады
алдындағы бар қиындыққа төтеп беріп, балалық шағында алдына қойған
мақсатына жетуге ұмтылды. Бала Тоқтар ерте есейді, өз ортасынан бөлініп
көрініп тұрды [1.3б].
Тоқтар Әубәкіровың жан серігі – жауһар жыр болып табылады. Өзі туып-
өскен өлкеге барған сайын: Қарқаралы сынды ғажайып жер әлемде өте сирек
шығар деген ой келеді екен. Тау мен даланы көмкерген қалың орман, тек
өзіне ғана тән – кербездікпен, сән-салтанатымен келген жолаушыны сүйсінтіп,
жанарын талдырады, құмарын қандырады. Тау арасындағы ойдым-ойдым оймақтай
көлдер, жиегін көмкерген қалың тал-қарағайлар тек өзіне ғана аян тылсым
сырмен тіл қатысқандай. Ағаштың сыбдыры да, бұлақтың былдыры да, самал
желдің салқын сабаты да – бәрі-бәрі бұл дүниенің абатына айналып, айналаңа
қарауға мұрша бермейді. Ойға батқан ормандарды ұйқысынан оятқандай дүр
сілкіндіріп, ертегінің ішіне еніп бара жатқандайсың. Шынында да – ертегі.
Әсіресе, шым-шым қайнап, шымырлап жатқан Шайтанкөлді айтсаңшы.
Шайтанкөлдің суы қысқа күнде қырық құбылып, сағат сайын, сәт сайын мың
түске боялып, ертелі-кеш реңі сан рет өзгереді. Бұл көлдің тылсым сыры
ғасырлар бойы адам баласына жұмбағын ашпай, әлі күнге дейін құпия болып
келеді. Кез келген адамның бисмилләсін айтпай жалаңаш-жайдақ түсе беруіне
болмайды. Аса бір ардақты, аса бір тазалықты талап ететін, тұңғиық, тұмса
көл деп Тоқтар Оңғарбайұлы еске алады. Анасы жас күнінен Тоқтарға:
– Балам, Шайтанкөлге байқап бар. Түсе қалсаң да, ішіңнен кәлимаңды
қайтарып, адалдық тілеп түс. Бөгде ойды көкірегіңе ұялатпа! – дейді екен.
Балалық шіркін, алды-артыңа қарата ма, бірде Тоқтар Оңғарбайұлы
Шайтанкөлге күмп беріп, тереңіне сүңгіп кетті. Сүңгігені сол, тұңғиық
түбінен тылсым сырға тап болғандай, су астында біраз аялдап қалды, бірге
келген балалардың мазасы кетіп, Тоқтар, Тоқтар! деп шуылдасып жатты. Бір
кезде келесі жарқабақтың қуысынан шыға келді. Шыға сала, тау-тасқа өрмелеп,
жағалауға келіп жығылды. Талықсып қалған екен. Бала Тоқтар қанша талықсыса
да сыр бермей, үйге әзер жетті. Келген бетте төсегіне құлай кетті. Үш күн,
үш түн тілсіз тылсым күйде жатқан баласына анасының жаны шырқырап, пұшайман
күй кешті. Кейін тілге келген баласынан анасы Кәмия: – Саған не болды,
жаным, не істеп қойып едің! – деп қиыла, қинала сұрады. – Шайтанкөлге
түсіп ем…
– Саған түспе деп айтып едім ғой. – ?!
– Құдай сақтаған екен! –деп бір күрсініп қойды анасы деп туған жері
жайлы еске алады. Жасынан Шайтанкөл туралы талай естіген аңыз-
әңгімелердің шет пұшпағы болса да, көзбен көрген бала Тоқтар табиғат
тылсымының құпиясына таңғалмасқа дәті қалмады. Себебі, бұл жағдай Тоқтардың
басынан бір емес, бірнеше рет өткен еді. Бала кездегі бар арманы, неге
екені белгісіз, тауға қарай өрмелеп жүгіргенді жаны қатты ұнатушы еді. Сол
кезде жабыққан жаны жадырап, құмыққан құмары қанғандай, құштар көңілі
аңсаған арманына қарай қанат қаққандай әсер етуші еді. Содан кейін, жүгіре-
жүгіре шаршаған сәтте, Қарқаралы құшағында аспанға қарап, ұзақ жатуды
ұнататыны бар. Әсіресе, түн мезгілінде, жазғы жайлауда жападан-жалғыз
жатып, аспандағы жұлдыздарды қиялмен кезіп, көксеңгір кеңістігінде құлаш
ұрып ұшып жүргендей әсерге бөленуді еске алады. Сондай сәттерде Тоқтар
күндей күркіреген даусымен тау мен тасты жаңғырта: Шықшы тауға, қарашы кең
далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? – деп Қасым жырын оқитынын қуана еске
түсіреді [2.68б].
Қарқаралы балапаны болып дүниеге келген жас Тоқтар бірте-бірте жан-
жағына қырандай мойын бұрып, биікке қанат қағуға құштар бола бастады. Бірте-
бірте Қарқаралы тау-құздарына шығып алып, тастан-тасқа секіруді әдетке
айналдырғыпын. Кейде өзі көрген ақ тиіндер секілді ағаш басына өрмелеп
шығып, сонау биіктен ен далаға көз жіберіп, ұзақ қарап отырушы еді. Бала
жасынан аспанға – биікке құмары мен құштарлығын жас Тоқтар кезінде көп
аңғара қоймаған. Бірте-бірте санасына қияға ұшу, самғау сияқты ғажайып
елестер ұялап, ол енді, анда-санда көріп қалса да ұшқан ұшақтарға ұмтыла
қарап, көз айырмай тұрып қалушы еді. Аракідік, сирек болса да, аспанды
тіліп өткен ақ жолақ әуе сызықтарына сүйсіне қарап, соның сыры мен қырын
білуге өте құштар болды. Осы ойы оны Қарқаралы құшағынан қазандай қайнап
бұрқырап жатқан қазыналы Қарағанды қаласына қарай бейімдей берді [3.98б].
Бірде Тоқтардың анасымен бірге Қарағанды қаласына бара қалудың сәті
түсті. Тоқтарды Қарағандыдағы биік үйлерден гөрі, тау-тау боп үйіліп жатқан
төбелер қызықтырды. Анасынан сұрап еді: Шахталардан шыққан көмір
қалдықтары ғой, – дей салды. Тағы бірде анасынан қаланың солтүстік
бүйірінде алыстан қол бұлғағандай созылып жатқан қалың түтінді көріп,
сұрағаны бар. Анасы: Бұл Теміртау деген қала. Онда темір өндірісі бар.
Мынау Қарағандыдан шыққан тау-тау көмірлерді сондағы зауытқа апарып, темір
қорытады, – деді. Бала Тоқтар барғысы келіп, алыстан шұбалаңдап шыққан көк
түтінге ұзақ қарап тұрды. Сөйтіп жүріп ол өзінің жаңадан тапқан жас
достарынан сұрастырып, Қарағанды қаласында Парашютистер мектебі бар
екенін біліп алды. Көзі көрмесе де қиялымен барлап жүрген сол мектепке бару
туралы ой-арман Тоқтардың жүрегіне ұялай кетті. Бір қиыны, ол мектеп, анау
жолы анасынан сұрағанда, сонау алыста түтіні будақтап жатқан Теміртау
қаласы жақта екенін білді. Содан бастап бала Тоқтар Қарағанды қаласының
сыртына шығып, көмір төбелердің басынан Теміртау жаққа қиял жүгіртіп, ұзақ
қарауды әдетке айналдырды. Қасым Аманжоловтың жауһар жыры жан серігіне
айналған Тоқтар сондай сәттерде: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл
емеспіз, еркін жанбыз азатпыз, – деп жыр оқитын өзінің ұлы қазақтың ұланы
болғанын мақтан ететін. Жалғыз тамшы жас Теміртау талай тарландардың тұғыры
болған жер. Осы оймен өрістейтін бір қызық байланыс бар. Баршаға мәлім,
тұңғыш Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, алтын ұясына айналып,
болашақ Бәйтеректің тамыр тартқан жері – Теміртау болса, тұңғыш ғарышкер
Тоқтардың да өсіп-шыңдалған ортасы – осы қала. Жас Тоқтар бұл қаладағы
жұмысын қатардағы токарьлықтан бастады. Күні бойы өзіне бекітілген
станоктың қасынан бір сәт ұзамай, темір жонып, маңдай терін тамшылатты.
Тоқтардың бала күннен әдеті – бір жұмысқа кіріссе болды, оның түбіне жетіп
тындырмай, беті қайтпайды. Еңбекте тындырымды болу, алған ісіне алғаусыз
берілу – бала күннен бойына біткен қасиет [3.12б].
Тоқтардың әкесі Оңғарбай өз ауылының атақты ұстасы болған екен. Бес-
алты жасқа келіп, әкесі дүниеден өткенше, Тоқтардың бойына көрік иісі
сіңіп, ұстаханада алаулап жанған шоқ пен оттың ортасында жалынға шарпылып-
шыңдалып өскен еді. Әкесі дүниеден өткеннен кейін үйдің бар ауыртпалық
салмағы Тоқтар мен анасы Кәмия екеуіне түсті. Ертеңнен қара кешке дейін бел
шешпей, салпақтап жұмыс соңында жүрген аяулы анасына бала Тоқтар қатты
алаңдаушы еді. Анасы сиыр сауады, бұзау бағады, от жағады, отын тасиды, су
әкеледі, тамақ істейді, ара-арасында бала-шағасын тәрбиелеуі керек.
Ауылдағы тіршілік қанша тырбаңдасаң да жыртығыңды жамауға жетпей, қу
дүниенің қорлығын көруші еді. Бастауыш сыныпта оқып жүрген Тоқтарды туған
жездесі Нығмет пен апасы Бикен екеуі – өндірісті қала Теміртауға көшіріп
алды. Тоқтар осы қалада әртүрлі ұлт балаларымен араласып, бірге оқып,
бірден оқушының алды болды. Спорттан да қатарластарынан үздік шығып,
ұстаздарының өзі оған үмітпен қарай бастады. Тоқтар, әсіресе, анасының
ақылына үнемі иек артушы еді. Анасы да бір киелі кісі еді. Алдын-ала болжап
айтқаны үнемі шындыққа айналатын. Бала жүрек анасының айтқанымен жүрсе
адаспайтынын білді. Анасы үнемі: – Балам, өз еңбегіңмен күн көр. Ешкімнің
еңбегін жеме, ала жібін аттама. Ұрлық жасама. Қасыңдағы балаларға қамқор
бол. Спортпен айналыс. Бәлкім, әкеңдей ұста болсаң да, жерде қалмассың.
Өзіне сенген құстай ұшады, біреуге сенген мұрттай ұшады. Өзіңе сен! Адал
еңбегіңе сен. Бар бақыттың бастауы – еңбек, – деп отырушы еді. Әкесінің
ұсталығы бала Тоқтардың есінде еміс-еміс болса да сақталып қалған. Түсіне
жиі кіріп, кейде, тіпті, ұстахананың отына шарпылып, балға мен төстің
шыңылынан оянып кетуші еді [4.121б].
Теміртаудан мектеп бітіруге тақағанда оқушы Тоқтар бірден токарь
болып, станокта жұмыс істеуге бекінген. Анасы: – Оқуыңды не істейсің! –
деген. – Оқуымды үзбеймін, кешкі мектепте оқимын, апа! – деді. Анасы аз-кем
аңтарылып қалды. – Ондай да бар екен-ау, екеуі бірдей өзіңе ауыр соқпай ма,
балам. – Екеуіне де үлгеремін, анашым, бәрінен бұрын саған көмектесуім
керек! Анасы көзінен мөлт етіп түскен жалғыз тамшы жасты баласына
көрсетпеді. Күндіз жұмыс істеп, кешкісін оқып тынымсыз күй кешкен бозбала
Тоқтардың көңілі ұшқыш болуға ауып, бірте-бірте аңсар арманына айналды. Ол
үшін алдымен Парашютистер дайындайтын орталыққа бару керек екенін де
алдын ала біліп алған болатын. Парашютистер дайындайтын орталық қаладан он
шақты шақырым алыс еді. Оқу мен жұмыстан қолы тимей жүрген Тоқтар оның да
амалын тапты. Таныстары арқылы секіруге сенбі-жексенбі күндері қатысуға
болатын мүмкіндікке қол жеткізді. Сөйтіп, оқудан да, жұмыстан да қол үзбей,
өзінің ұшқыш болу арманына жол ашқандай болды. Сағыныш әні – Қайтсем де
ұшқыш болуым керек – деген асыл арман Тоқтарды Армавир жоғары ұшқыштар
училищесіне алып келді. Үзіліссіз оқу, тынымсыз ізденіске толы күндер
ешқайда мойын бұрғызбай, алыстағы ауылды да, туған бауырды да ойлауға мұрша
бермей сынаптай сырғып өтіп жатты [5.23б].
Арасында жеті күнде бір келетін жексенбінің еркін жүруге болатын екі-
үш сағаты ойға – күш, бойға – қуат, көңілге нәр бергендей. Сондай бір
сәттерде, Тоқтар өзін күнде ығыр қылған дулы ортадан бөлініп шығып,
Тайганың ит тұмсығы өтпейтін қалың орманының ішіне еніп кетіп, еркін
жүргенді ұнататын. Тұнжыраған орман. Тұманды күн. Тылсым дүние. Төңірек
құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Тоқтардың анда-санда көңілі соққанда
тыңдайтын кішкене қол радиосы болатын. Соны осы жолы білегіне қыстыра
салған. Өйткені, осы құйтақандай қол радиосы дүниенің төрт бұрышынан
хабар алатын. Әсіресе, Қазақстанның Шалқар деп аталатын радиохабарын
естуге құштар. Радионың түймесін басып қалып еді, о, ғажап, бір ерекше әуен
шалқи жөнелді: Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан
шамдай, Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, ашық
маңдай… Беу, беу, Гауһартас…
– Апыр-ай, бүкіл ой-сананы, тұла бойды еріксіз билеп, естен
тандырғандай әсер еткен мынау неғылған ғажап әуен. Сағынышы мен мұңы аралас
мына сымбаты бөлек сұлу саздың сыры неде деуге мұрша келтірмей, ән әуені
әрі қарай еліттіріп, төңірек ерекше әсем күймен тербеліп тұрғандай әсер
етті. Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң.
Ән күмістей сыңғырлап, баяу созылып барып ұзап кеткендей. Жаңағы
айналасы алтын шуаққа айналып, шұғыла шашып тұрған нұрлы сәт әп-сәтте
тыйылып қалғандай. Аяғында, әнді орындаған халық әртісі Бибігүл Төлегенова
деген есім ғана есінде қалып үлгерді. Жаңа ғана бастан кешкен ғажайып сәт,
әнмен бірге үзіліп келмеске кеткендей қапалы күй кешті. Баяғы тұнжыраған
тундра, тағы Тайга көз алдына қайтадан тап бола кетті. Жан-жүрегі одан
сайын езіле елжіреп, көзінен жалт етіп тамып түскен сағыныш сәтін сезбей
қалғандай. Әйтсе де, осы бір ғажайып әуен болашақ ғарышкердің жан-жүрегінен
өшпестей орын алып, санасында мәңгілік сақталды. Бір күні Мәскеу қаласында
көшедегі көп жарнамалардың бірінен Қазақстанның халық әртісі – Бибігүл
Төлегенованың концерті деген хабарды көреді. Өз көзіне өзі сенбегендей,
қайта бір тесіле қарағанда, баяғы ғажайып сәт есіне қайта оралып, көңіл
күйі тербеліп қоя берді.
– Қайткенде де уақыт тауып баруым керек! – деп бекінді Тоқтар
Оіңарбайұлы. Айтқандай-ақ, концерт болатын күні, сол сәтте, сол сағатта –
Мәскеудің концерт залында, алдыңғы қатарда, қолында бір шоқ әсем гүлі бар –
болашақ ғарышкер Тоқтар сол баяғы өзі аңсаған ғажайып әнмен қайта қауышты.
Гауһартас әні орындалмайтын Бибігүлдің концерті бар ма? Тоқтардың
сағындырған ғажайып әні аяқтала бере үсті-үстіне сатырлай соғылған
шапалақтың ду-дуымен араласып, үстінде әскери киім, төсінде Кеңес Одағының
Батыры деген белгісі бар, ұзын бойлы, қапсағай денелі, қыран мүсін, қара
торы, бұйра шашты қазақ жігіті қолындағы қомақты гүл шоғын Бибігүлдің
қолына ұстата берді. Кеңес Одағының Батыры деген алтын белгі иесі – қазақ
жігітіне көзі түскен бұлбұл әншінің Сіз кімсіз! – деп айтуға да мұршасы
келмей, таңғалған күйі қала берген еді. Әйтсе де, Тоқтардың құлағында:
Сізді қонақ үйде күтеміз! – деген әншінің сыңғырлы сөзі оның туған жерге
деген сағынышына сәл де болса сеп болғандай, Тоқтардың жан дүниесін
сергітіп жібергендей әсер етті… Одан кейін Тоқтар, ғарышкер болғаннан
кейін де ғажайып әншінің үнін сан рет естіп, концертіне қатысты. Әйтсе де,
сол баяғы тұнжыраған қалың орман арасынан бұлт ішінен шыға келген күндей
жарқ ете қалған алғашқы әуен әсері ерекше еді. Осындайда, Шіркін,
сағыныштан асқан құдірет бар ма?! – деген ойға еріксіз берілетін еді ол.
Өмірбаян өрнектері Осы орайда Тоқтар өміріне өрнек болған батырлық істері
мен өнегелі еңбектеріне аз-кем шолу жасай кетсек артық болмас еді [5.34б].
Одан кейін Тоқтар, ғарышкер болғаннан кейін де ғажайып әншінің үнін
сан рет естіп, концертіне қатысты. Әйтсе де, сол баяғы тұнжыраған қалың
орман арасынан бұлт ішінен шыға келген күндей жарқ ете қалған алғашқы әуен
әсері ерекше еді. Осындайда, Шіркін, сағыныштан асқан құдірет бар ма?! –
деген ойға еріксіз берілетін еді ол. Өмірбаян өрнектері Осы орайда Тоқтар
өміріне өрнек болған батырлық істері мен өнегелі еңбектеріне аз-кем шолу
жасай кетсек артық болмас еді. Қарқаралы құшағынан, Теміртау төсінен қыран
боп ұшқан Тоқтар 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери
ұшқыштар училищесін үздік бітіріп, 1979 жылы Авиация институтын тәмамдады.
1975 жылдан Кеңестер Одағы Әскери әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери
округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары
міндетін атқарған. Бала жасынан ұшқыш болуды армандаған Тоқтар жай ғана
ұшқыш болмай, сынақшы болуды алдына мақсат тұтқан. Осы арман-мақсат
үдесінен шығу үшін маңдай терін төгіп, уақытын сарп етуге тура келді.
Ақыры, асыл арманының алғашқы асуына да қадам басты. Сөйтіп, ол 1975-1976
жылдары Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін және ондағы Авиация институтын
бітірді. Енді осы өзі армандаған ұшқыш-сынақшылар мектебінен сүрінбей өту
үшін Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюросында
білім алып, еңбек жолынан өтті. Оның осы жолы кейін ғарышкерлік өмірінің
алтын арқауына айналып, үлкен өмір жолына ұласқан еді [6.3б].
Үлкен өмірі, жұбайы мен балары жайында журналистерге берген
сұхбаттарынан таныс бола аламыз.
Балаларыма жасынан қазақша үйрете алмадым, соған өкінем
— Тоқтар аға, балаларыңыздың ішінде жолыңызды қуғаны бар ма?
— Құдайға шүкір, жоқ.
— Неге “Құдайға шүкір” дедіңіз?
— Менің істеген жұмысымды біреудің басына бермей-ақ койсын. 76-77-
жылдары мен он үш досымды жерледім. Жылда бірнеше достарым о дүниелік боп
кетіп жатты. Оның ішінде менің ұстазымда қаза болды. Осы ұшқыш, ұшқыш
болғанда да жай ұшқыш емес, сынақшы-ұшқыш мамандығын алған адамға Алла
Тағала өзі бір сезім береді екен. Мына ұшақты зерттеу үшін, оны сынақтан
өткізу үшін ерекше сезім керек. Бүкіл денең сол ұшақтың темірлерін сезінуге
тиіс. Онсыз алған білмің кәдеге жарамайды. Сондай қиын сәттерде дес бере
алмай, көп кісілер о дүниге атанып кетті. Бір кезде жолдасымның айтқаны
бар: “бір үйде қорқытатын бір адам ғана болуы керек. басқалары қуантсын”
деп… Шүкір, балаларым өздерінің жолын тапты. Үлкен ұлым осында жұмысқа
өз күшімен кірді. Кіші ұлым елшілікте істеп жүр. Олардын ешқайсысын мен
сүйрелеген, ешкімнен ештеңе сұраған жоқпын. Өздері таңдаған кәсіптері
бойынша білім алып, енді
өздері таңдаған салада жұмыс істеп жатыр.
— Балаларыңызбен қай тілде сөйлесесіз?
— Шынын айтайын, балаларыммен орыс тілінде сөйлесем. Кіші ұлым ептеп
қазақша сөйлеп жүрген Женеваға елшілікке кетіп қалғалы қиын болды. Жаңа
ғана қазақша тілі шығып келе жатыр еді .. Олардын туған жері — Мәскеу.
Өскен жері — Мәскеу. Үйдегі анасы орысша сөйлейді. Менің өзім енді-енді
қазақша сөйлеп жүрмін. Оларды қазақшаға кім үйретеді? Ешкім болмады…
(Тұнжырай сөйлеп) Балаларға мен кінә коя алмаймын. Кінә қойса, маған
қою керек. Мен оларды үйрете алмадым. Ал шешесі орыс болып калды [7.18б].
— Батыр ұлының жүрегін селт еткізетін қазақтың бір қызы кездеспегені
ғой, шамасы?..
— Бұл сұраққа не десем екен?… Жас кезімде, біріншіден, жұмыстан бас
көтере алмадым. Екіншіден, мен Қазақстанға жиі келе алған жоқпын. Алдында
Қиыр Шығыста жүрдім. Бір қазақ жоқ. Үйленген жоқпын. Көп жыл сол жақта
тұрдым. Сосын Мәскеуде тұрдым. Онда да елшілікке де барып жүрдім ғой. Бірақ
расында, өзіме тең қатарлас қазақ қыздарын көрген жоқпын. Болғанда жоқ. Ол
жаққа жастарды кім жібереді? Кеңес одағы Мәскеуге өңкей үйленген, отбасы
бар, біраз жасқа келген мықтыларды жіберетін.
Қазақстанға қонаққа келесің. Ауылға барасың. Әрі кете бір-екі күн
боласын да, кайтып кетесін. Содан… (күрсініп) Алла Тағаланың бұйрығы
шығар. “Мынау сенің жарын болады“ деп жазғаны шығар, ұлты орыс, осы
әйелімді кезіктірдім… Зайыбым екеуміз қазір бір кісідейміз. Белгілі бір
келісімге, шартқа келіп алмай екеумізге ортақ нәрселерді екі жаққа тартып
ренжіспейміз. Бәрін әңгімелесіп отырып, келісімге келіп отырып шешеміз.
Балаларды да солай тәрбиеледік. Мысалы, үйде менің жылқыларым бар. Сол
аттарға мен қалай қарасам, балаларым, зайыбым да солай қарайды. Мен жоқта
сол ат қораға барып, кантың беріп, менің орныма аттардың күтіміне қарасады.
Біз көп жағынан ұқсас болып кеткенбіз [8.142б].
Бар байлығым – балаларымның білімі!
Сіздің үлкен қызметтен кеткеніңізді үй-іші қалай қарсы алды?
Өзара түсіністік деген үлкен ұғым бар: жаны жақын адамдар бірін-бірі айтпай
түсініп тұрады. Біздің Татьяна Михайловна екеуіміздің бір-біріміздің айтпай
түсінуіміз былай тұрсын, жан-жүрегіміз бірігіп кеткен десе де болатын
шығар. Ширек ғасырдан бері осылай сыйластықпен өмір сүріп келеміз. Әрине,
мәселені алдымен алдымен үй ішінде әйеліммен, балаларыммен бәріміз ортаға
салып, кеңестік. Олар мені жақсы біледі. Олар мені түсінді. Анамнан солай
туғанмын, қайтейін енді, жақтырмаған адамыма ойымды бүкпесіз бетіне айтатын
мінезім бар…
— Жеңгеміз үйде… Балаларыңыз ер жетті ғой, олар немен айналысады?
— Кенжеміз – Миша Лондонда, болашақ бизнес мамандығына оқып жатыр. ТМД
елдерінің балалары арасындағы білім байқауының жеңімпазы атанып, оқуға өз
күшімен түсті. Компьютерді шебер меңгерді. Ал Тимур Алматыда тұрып жатыр.
Ол Нью-Йорктегі Стоунбрук унверситетін халықаралық экономика мамандығы
бойынша бітірген. Екі жылдай Алматыда қызмет еткен соң, АҚШ –қа қайта
барып, тәжрибеден өтіп келді. Мишаның болашағы алдында, Тимур қазір
америкалық және еуропалық экономиканы қазақстандық экономикамен кірістіріп
қызмет істеуде. Өз басым оған қатты сүйсінемін.
— Байырғы беймаза қызметіңіз есіңізге түсіп, дүбірден қалып қойдым –
ау дегендей бір жабығатын кездеріңіз болмай ма?
— Әйелі мен балалары ақылды, әрі парасатты болып келетін адамның
ешқашан да енсесі түспейді деп ойлаймын. Олар кісі бойындағы жауынгерлік
рухты көтермелеп тұрады. Біздің отбасымыз сондай. Мен өзімді ең бақытты
әке, ең бақытты отағасымын деп санаймын. Соған қуанамын, тәубә етемін. Бар
байлығым – балаларға әперген білімім. [9.3б]
Тоқтар Оңғарбайұлы 1965 жылы жас жұмысшылар қаласы Теміртауда жоғары
орта мектебін бітірген. 1961 жылы 3-ші санаттағы нормативін орындап ДОСААФ
парашютпен cекіру секциясын, ал 1963 жылы Қарағанды оқу авиациялық
орталығының пилоттық бөліміне түсті. 1969 жылы біліктілігін әскери инженер-
ұшқыш Армавир ең жоғары әскери Қызыл Ту пилоттық мектебін (VVAUL) бітірді.
1976 жылы мамыр айында, ол біліктілігі жоғары мектеп сынаушы ұшқыштардың
авиация өнеркәсібін (MAP) бітірген. Test Pilot 3-ші сыныпты оқуын 1979
жылы Ленин ордені авиация университетінің (АЕК) кешкі бөлімі Жуковский
филиалын бітірген [7.84б].
Орджоникидзеде инженер аэродинамик мамандығы бітіріп техника
ғылымдарының докторы болды. 2006 жылдың қазан айында, ол асыл азаматтық
авиация (ПОГА) академиясының докторы, Алматы (Қазақстан) атағына ие болды.
Құзыретті жұмыс: 1956 жылы, ол МТС туралы оператор біріктіруге ассистент
болып жұмыс істеді. 1962 жылдан бастап 1965 жылға дейін ол Теміртау
қаласында құю-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді. Мамыр 1976
жылдан бастап Улан-Удэ қаласында Тест пилот әуе кемесі зауытында қызмет
атқарады. 1976 жылғы тамыздан бастап im.A.I.Mikoyana сынақшы ұшқыш болып
жұмыс істеді. 1990 жылдың соңына дейін, бастығының орынбасары пилоттық EDO
болды. МиГ-29 ( 9-14) (13021985), МиГ-31m 2 ( 052) (12271986),
МиГ-29М 2 (1987), МиГ-29K ( 9- ның жүргізген тексеру 31 ) (06231988),
МиГ-31B (30.06.1989). Ол, МиГ-29, МиГ-27, МиГ-25, МиГ-23 тестілеуге МиГ-31
және олардың өзгерістерді қатысты; МиГ-31 жанармай тексеру жүргізді. теңіз
сынақ командасы Sunset, МиГ-29, МиГ-23, МиГ-21 теңіз астам ұшып — мысалы
SPARK, және әскери көлік құралдары ретінде. Ол белсенді тасымалдауға
негізделген кеменің бөлігі авианосец құру және барлық қабілеттерін дамытуға
қатысты, Николаев қаласында, ұзақ уақыт көп жұмыс істеді. (40 мин. Су-27K
бойынша Кейінірек Виктор Пугачев) 1 қараша, 1989 КСРО екінші кейіннен КСРО
Әскери-теңіз флотына қабылданды, ол авианосца Тбилиси (бойынша МиГ-29K
бойынша жер Флот Ресей одағы Кузнецов Адмирал атағын алды ). Сол күні,
қонғаннан кейін, КСРО бірінші бір жарым сағат Әуе кемесімен Трамплиннен
қонуы орындалған [8.152б].
1992 жылдың ақпан айынан бастап, ол Қазақстан Республикасының қорғау
қалалық комитетінің төрағасының бірінші орынбасары болды. 1993 жылдың
сәуірінде жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық
агенттігінің Бас директоры болып жұмыс істеді. Мамыр 1996 жылдан бастап
қорғау, қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі Қазақстан Президентінің кеңесшісі
болып қызмет атқарды. 2000 жылғы сәуірден бастап, жыл саны орынбасары ҚР
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған.
1991 жылы 2 қазанда ғарыш кеңістігіне ұшқан соң, Тоқтар Әубәкіровке
Қазақстанның халық қаһарманы деген атақ берілді. Осыдан соң Тоқтар
Әубәкіров ғарыш кеңістігіне қайта көтерілмеді. Оның ұшуына кейін
Н.Назарбаевтың өзі қарсы болып, ел ағасы елуді алқымдап қалған атамызға
мемлекеттік істерді тапсырады.
1994 жылдың мамыр айынан 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің депутаты болып сайланды. 2004 жылдың қыркүйек айында ол 57,4
пайыз дауыс жинап, қоршаған ортаны саны 44 (Қызылорда қаласы) 3-ші
шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып
сайланды [8.158б].
Т.Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға,
отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық
тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Т.Әубәкіров ғарыштағы
сапарынан соң өзінің туған жері Қарқаралыға іс-сапармен барды. Халық
батырын үлкен қошеметпен күтіп алды.
Батыры үшін сый-сияпаттар жасап, асты-үстеріне түсіп жатты. Қазақтың
қос ғарышкер батырын ақбозатқа мінгізіп құрметтеді.Халық мәре-сәре болысып
жатты. Қос ғарышкердің үстіне шапан жабылып қазақы үрдіс бойынша домбыра
сыйға тартылды. Теміртау қаласының құрметті азаматы деген атақ беріліп,
соны Мәдениет сарайында үлкен концерттік бағдарламаға ұласты. Осылайша
туған жерге сапарында Тоқтар атамыз халқының үлкен құрметіне бөленіп
қайтты.Тоқтар атамыз 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 1-ші орынбасары қызметін атқарды.
1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасында Ұлттық Аэроғарыштық
агенттігін құруға ықпал жасады, және осы Ұлттық Аэроғарыштық агенттіктін
бас директоры болды.Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары
қызметін де қатар атқарып отырды.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты –
Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымдарын абыроймен
атқарып отырды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
болып тағайындалды [9.73б].
2001 жылы № 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы
Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының
құрметті азаматы.
Қызылорда қаласынан сайлауға түсер кезде сұрамай ма неге Қызылордадан
түсіп жатырсыз деп, сонда Тоқтар атамыз мен ғарышқа Байқоңырдан ұштым
деген. Ғарышқа ұшып келу деген ол қайта өмірге келу, сондықтан мен
Қызылорда қаласында туылдым деген екен. Қазақстан Республикасының Ұлттық
аэроғарыштық Агенттігін басқарған тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беруге емес, бірлесіп игеруге арналған Шарттың
жобасы дайындалғанын айтады.Тоқтар Әубәкіровтың сөзіне қарағанда, ҚР ҰАА-
ның барлық басшылары заңгерлермен, сарапшылармен бірлесе отырып, Ресейдің
ғарыштық мекемелері, оның ішінде, Ресейдің әскери–ғарыштық күштерімен
бірге, Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану жөніндегі Қазақстан мен
Ресей арасындағы Шарт жобасын дайындаған. Шарттың барлық тетіктері
ресейліктермен бірге алдын-ала өткізілген отырыста қаралып, келісіліп,
қабылданған болатын. Бірақ қол-қойылатын кезде бірлесе игерудің Шарты емес
жалға беру туралы құжаттар шығып кеткен. Осылайша Байқоңыр ғарыш айлағы
Ресей Федерациясына … жалғасы