Тоқаев пен Туск заң үстемдігі, жемқорлықпен күрес мәселесін талқылады

0

31 мамырда Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Тускпен кездесіп, бизнеспен айналысуды дамыту, заң үстемдігі, жемқорлықпен күрес мәселесін талқыладық.

Кездесуде Тоқаев «Қазақстан Еуропаның көшбасшы елдерімен қарым-қатынасты одан әрі дамыта береді» деді. Тоқаев «президент ретінде Еуропа кеңесімен серіктестікті жалғастыратынын» айтты.

Туск «Қазақстан – Орталық Азиядағы Еуропа одағының негізгі серіктерінің бірі» деді. Ол Орталық Азия мен Еуропа одағы энергетика, транспорт, цифрлық коммуникация саласында жұмыстарды дамыта түсуді ұсынған.

«Еуропа одағы – Қазақстанның негізгі сауда серіктесі және шетелдік инвесторы. ЕО мен Қазақстанның серіктестігін әрі қарай дамытатын құжатты одақтың барлық елдері мен Нұр-Сұлтан ратификациялайды. Бұл – аймақтағы экстремизм және экология мәселесін талқылауға жақсы мүмкіндік. Бұған қоса, біз Қазақстандағы саяси өзгерістерді де талқыладық» деді Туск.

Тусктің Нұр-Сұлтанға сапары алдында бір топ қазақстандық белсенді мәлімдеме жасады. Олар Туск Тоқаевпен кездесуде Қазақстандағы адам құқығының бұзылуын, интернеттің бұғатталуын, бейбіт митинг өткізу құқығын талқылауы тиіс деп санайды.

Ақорда сайтында жарияланған хабарламада Туск пен Тоқаев кездесуде Қазақстандағы адам құқығы мәселесін талқылағаны, я талқыламағаны жайлы айтылмаған.

29 мамырда Дональд Туск Орталық Азияға сапарын бастаған. Ол 2 маусымға дейін Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстанды аралайды.

Azattyq