31 мамыр, 1 маусым ауа райы болжамы: Маңғыстау, Петропавл, Қостанай
Синоптиктер 31 мамыр күні ауа райы қандай болатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. «Қазгидромет» 31 мамыр, жұма күні Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде дабылды ескерту жариялады.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады
Күндіз 31 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Дауыл ықтималдығы өте жоғары — 90-95%.
Ертең Қостанай облысының кей жерінде де найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Тағы оқыңыз: «Қазгидромет» басшылығы айтылған сынға жауап берді
Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында да 31 мамыр -1 маусым күндері найғазай, бұршақ пен қатты жел болады деген болжам жасап отыр. 31 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-ке дейін жетеді. Сенбі күні солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады.
sputniknews.kz