Қарағанды облысында кісі қолынан қаза тапқан белсенді жерленді
30 мамырда Қарағанды облысының Атасу ауылында белсенді Ғалы Бақтыбаевты соңғы сапарға шығарып салды. Ол 28 мамырында кісі қолынан қаза болған. Бақтыбаев 20 жылдай Жаңаарқа ауданында тұрғындар құқығын қорғап жүрген.
Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры Қазақстан билігін Бақтыбаевтың өлімін ашық тергеуге шақырды.
«Монополистердің заңсыз шешімдері және жемқорлықпен күресіп жүрген белсендінің қазасы – Қазақстанның азаматтық қоғамына соққы. Осындай оқиғалардан кейін адамдар қоғамдағы заңсыздықтар мен мәселелер жайлы ашық айтуға қорқады» деп жазылған қордың мәлімдемесінде.
29 мамырда Қарағанды облысының полиция департаменті Ғалы Бақтыбаевтың өлімін тексеріп жатқанын хабарлаған. Полиция күдікті ұсталғанын, я ұсталмағанын ашып айтпады.
28 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында жергілікті белсенді Ғалы Бақтыбаевты белгісіз береулер атып кеткен. Қарағандыда тұратын азаматтық белсенді Айтқожа қазадан бірнеше ай бұрын Ғалы Бақтыбаевқа қастандық жасалғанын айтқан. Фазылов «Биыл ақпанда Бақтыбаевтың үйіне бетперде киген әлдекімдер басып кіріп, ұрып кеткен соң белсенді ауруханада жатты» деген.