Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Париждегі “Гранд-Слэм”: ұлттық құрама сапында Елдос Сметов жоқ

Париждегі “Гранд-Слэм”: ұлттық құрама сапында Елдос Сметов жоқ

7–8 ақпан күндері Франция астанасы Парижде өтетін дзюдодан “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары анықталды. Бұл жолы татамиге Олимпиада чемпионы Елдос Сметов шықпайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған халықаралық дода – қазақстандық дзюдошылар үшін 2026 жылғы алғашқы ірі жарыс болмақ. Париждегі “Гранд-Слэмде” ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі төмендегідей:

48 кг: Әбиба Әбужақынова

60 кг: Шерзод Давлатов

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

81 кг: Абылайхан Жұбаназар

90 кг: Айдар Арапов

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарынан бері әлі ресми жарыстарға қатысқан жоқ. Дегенмен, танымал дзюдошы жуырда жаттығу процесін қайта бастағанын хабарлаған болатын.

Париждегі “Гранд-Слэм” турнирі әлемнің үздік дзюдошылары жиналатын беделді жарыстардың бірі саналады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.