Калифорниядағы өрттен 1 мыңнан аса адам іс-түссіз жоғалып кетті
Астана, BAQ.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде шыққан Camp Fire алапат орман өрті салдарынан іс-түссіз жоғалып кеткендердің саны 1 мыңнан асты. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Сондай-ақ бір тәулікте қаза тапқандардың саны 63-тен 71-ге жетті.
Билік іс-түссіз жоғалған азаматтардың қатарында жақындарымен байланысқа шыға алмай отырған тұрғындар да бар деген үмітте.
Camp Fire алапат орман өрті – Калифорния штатының тарихындағы ең ірі өрт апаты болып тіркелді.
Қызыл жалын 560 шаршы шақырым аумаққа шарпыған. 12 мыңнан астам ғимарат өртеніп кеткен. 50 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазіргі таңда өрттің беті қайтар емес. Қатты жел мен құрғақ ауа райы салдарынан жалын тез тарауда. Кейбір жерлерде оның жылдамдығы 80 км/сағатқа жетеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ