Қазақ журналисі Париждегі өртке қатысты: Не үшін ғаламтордан ақпаратты көшіріп алып, Париж тарихын бұрыннан білетіндей боласыздар? — Қазақстан жаңалықтары
Желі қолданушылары Париждегі Нотр-дам-де-пари Әулие ана шіркеуінің өртенуіне қатысты жарыса ақпарат жариялай бастады. Бұған қазақ журналисі Диас Нұрақын сын айтты.
«Бәрің шетінен парижтанушы, нотрдамтанушы болып кеткенсіңдер ме? Кеше ғана саясатты сапырып, сосын Венесуелладағы дағдарысты айтып, оның алдында Мьянмадағы рохинджаларды жерден алып жерге салып жүрген әлеуметтік желідегілер кешелі бері Нотр-Дамтанушы болып шыға келді. Шіркеудің қай жылы салынғаны не құндылығы барына дейін тәптіштеп түсіндіруге кіріскен. Дұрысын айтқанда Google-дан алған мәліметтерін копи паст жасап отыр. Соған таңым бар да. Күнде бір тақырыпты өздері өмір бақи зерттеп зерделеп жүргендей жария қылады. «Нотр-Дам өртеніпті обал болған екен» дей салса да болады ғой», — дейді ол парақшасында.
Желі қолданушларының бірі бұл пікірге келіссе, енді бірі келіспейтінін жазуда.
«Ол Франция елінің мәдениеті, тарихы. Сондай орынның өртенгені ауыр жағдай. Көңіліне ауыр алғандар ол туралы жазса, несі айып?», — деп жазды пікір білдірушілер.
«Біз бәріміз — экстравертпіз. Бізді Париждегі өрт, Украинадағы сайлау, Трамптың саясаты алаңдатады. Тек өз айналамыздағы қоқысқа назар аудармаймыз», — деп жазады Нұрлан Кеңшінбаев.
stan.kz