600 млн адамның құпия сөзін біліп отырған: Facebook акционерлері Цукербергтің қызметінен кетуін талап етті — Қазақстан жаңалықтары

0

Бір топ инвестор Марк Цукербергті Facebook басшысы қызметінен босатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mashable сайтына сілтеме жасап. 

Аталған өтініш АҚШ биржасы мен құнды қағаздары туралы комиссияның сайтында жарияланған. Акционерлердің айтуынша, Цукерберг инвесторларға компания жұмысына өзгеріс енгізуге мүмкіндік бермей отыр. 

«Цукербергтің акция пакеті 60%-ті құрайды. Осы себептен директорлар кеңесі мен тәуелсіз директор оның не істеп жатқанын тексере алмайды», — делінген хабарламада. 

Акционерлер компанияның құнын төмендетіп, оның әлем бойынша беделін түсірген жағдайларға алаңдаушылық білдіріп отыр. 2018 жылдың шілде айында Facebook бағасы жетекшілердің шешіміне байланысты 40% арзандады. Биыл акционерлердің жиыны 30 мамыр күні өтеді. 

Шамамен Facebook компаниясының 20 мың қызметшісі 600 миллион желі қолданушысының аккаунт құпия сөзін біліп отырған. Бұл туралы 2019 жылдың наурыз айында компьютерлік қауіпсіздік саласының зерттеушісі Брайан Кребс мәлімдеді. 

Бір жыл бұрын Facebook компаниясының АҚШ президенті Дональд Трамппен тығыз қарым-қатынаста болып, сайлау кезінде Cambridge Analytica фирмасына 50 миллион қолданушының жеке ақпаратын табыстағаны әшкереленді. Facebook өз кезегінде Cambridge Analytica фирмасымен бірігіп жұмыс жасағанын мойындады. 

2018 жылдың қыркүйек айында Facebook желісіндегі 50 миллион аккаунтты белгісіз хакерлер бұзды.

stan.kz