Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз — Конституция күні
Ашық сабақтың көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд .
Ашық сабақтың Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, өлен, би, сергіту.
Шаттық шеңбер:
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер-ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
-Арайлаған танды сүйетін кім?
-Мен.
-Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен.
— Жарқын даланы сүйетін кім?
— Мен.
— Туған жерді сүйетін кім?
— Мен.
— Ата-ананы сүйетін кім?
— Мен.
— Досын сүйетін кім?
— Мен.
— Еліміздің болашағы кімдер?
— Біздер.
— Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.
Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
-Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
— Қазақстан Республикасында тұрамыз.
— Қазақстанның елордасы қай қала?
— Астана.
— Елбасымыз кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
— Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
— Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.
-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы тақпақтар білесіндер ме?
Айгерім: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде Қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Ирина: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Лаура: Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Cергіту сәті:
Көтеріліп шанырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Cлайд көрсету.
Би: «Қара жорға»
Тәрбиеші: Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты тақырыптық сабақты аяқтау.