Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістерінің көрсеткіштерін талдау

0

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………………………3
І. ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері
1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы…………………….5
1.2 Несие формалары мен түрлері……………………………………………………………6
1.3 Несиенің негізгі қызметі мен заңдары және әдістері…………………………………12
ІІ. Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістерінің көрсеткіштерін талдау
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау……………………………..14
2.2 Екінші деңгейлі банктердің несиелеу көрсеткіштерін және микронесие, микронесиелік ұйымдардың Қазақстандағы қызметін талдау……………………………..16
2.3 АҚ «Тұран Әлем» Банкінің несиелік операциялары………………………………….17
ІІІ. Қазақстандағы несиенің даму тенденциясы
3.1 Ипотекалық несиенің дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу- несие әдістерін жетілдірудің негізгі бағыты……………………………………………………………………20
Қорытынды……………………………………………………………………………………..27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………29

Кіріспе
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез- келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің мауысымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арасында қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатында көздейтін ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялдық- инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиелік капиталдың салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді. Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие-өзінің қызметі- айналысының құралын құруға байланысты:
— біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау шығындарын қысқартады;
— екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есептесулерді қысқартып, айналым шығындарын азайтады;
— үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді қосымша қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады;
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есеп-шотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қолақшасыз есеп экономикадағы есептесулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады. Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізеді, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993-1997 жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жүргізілді.
Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр. Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді. Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халықшаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор екен. Несие саласын мейлінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субъектілерді ТМҚ-ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, негізгі қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрі өндірісте, тауарларды сатып-таратуда өз көрінісін байқатпай қоймайды. Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесімді тепе-теңдіктерді сақтап тұру үшін маңызы зор. Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердің әдістері әр түрлі, тура әдіс- Ұлттық банк міндетті қор көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің көлемін азайтады, экономикалық әдіс- пайыздық мөлшерлемені көтерудің нәтижелерінде несиелу процесін тежейді. Сапалық шектері- бұл жағдайда несие тар көлемдік деңгейде де, кең көлемдік деңгейде де кері әсер етуі мүмкін.
І. ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің
теориялық аспектілері
1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Несие- ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті. Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А-Т-Ө-Т’-А’ капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде- өндіріс процесінде- дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы- оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі. Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі-бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары- несие беруші мен қарыз алушы- экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: «Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды. Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан- оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды. Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді. Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарыз алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады. Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:
— жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
— несие беруші мен қарыз алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
— несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы;
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.
Несие- бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Экономикалық категория ретінде, несие- кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несие беруші- несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта қарызға ұсынатын негізгі несие беруші- банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады.
Қарыз алушы- несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарыз алушылар- кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
1.2 Несие формалары мен түрлері
Несиенің экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір обьектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатыстысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте несиенің екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар несие формаларына: тұтыну, мемелекеттік, халықаралық, фирмалық және т.б жатқызады.
Несие формасы- бұл несие қатынастарының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынастарының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады
— қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
— несие мәмілесінің объектісіне қарай- ақшалай және тауарлық несие;
— несие қатынастарының субъектісіне қарай- банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне өсім алумен қарызға берген. Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісіндегі қолданады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілген бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын-теріннен кейін қайтарып отырады. Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.
-Тұтыну несиесі-бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
-Ипотекалық несие- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
-Овердравт несиесі- клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы
-Овернайт несиесі- өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
— Онкольдық несие- кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
-Банкаралық несие- банктердің бір-біріне беретін несиесі.
-Ломбардтық несие-тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
-Лизингтік несие- құрал-жабдықтарды жалға алу мен байланысты берілетін несие.
-Рамбурстық несие- шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
-Сенім несиесі- банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
-Маусымдық несие- жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.
1. Ұлттық банктің несиелері:
— аукциондық — Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
— ломбардтық — Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі; — бюджеттік — Ұлттық банк Қазақстан Республикасы министірлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несиесі.
2. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
— өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға;
— күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
— импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт;
— ипотекалық;
— несиелік желі негізінде — қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;
— тұтыну мақсаттарына;
— банкаралық;
Коммерциялық несие — бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты — тауарларды өткізуді жылдамдату.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғылыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру — банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді. Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
— қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
— коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
— қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
— коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
— қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады
Коммерциялық несие- несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық-түлік корпорациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар-жағар май материалын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші:банк және арнайы қаржы мекемелері болса,ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен айналысатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне ссуданы ақшалау қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылау көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды. Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады. Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана бріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компанияларда, несие серіктестері де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. береді. Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай-ақ, қарыз алушылардың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және халықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және т.б. алады.
Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлар сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді пайдаланумен беріледі. Қазақстандағы коммерциялық банктер 2004-2007 жылдарда экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ -дегі ссудалық қоржын 1.01.2002 ж 15,0% – ды құраған болса, 1.01.2007ж -32,7%, яғни, 2 еседен көп. 1.01.2007ж несие салымдарының құрылымы:
-қысқа мерзімді несие-49,9%
-орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін)-30,2%
-ұзақ мерзімді несие(5 жылдан жоғары)-19,9%
Банктік несиенің шамасына да белсенді ақшалай — чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады. Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендеуіне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп айтуға негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте,банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Тұтыну несиесі- несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол сондай-ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады. Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және Францияда -30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та — 60%-дан жоғары. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құрал-жабдықтарды және т.б пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма қол түрде сатып алынады. Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі. Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10-12 % тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады. Несиелеу объектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік несиесіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алуы несиесіне, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді. Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен, сатып алушылардың ұзақ мерзімді борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банктен ссуда алу үшін пайдаланылады. Тұтынушыларға несие банктен тікелей берілетін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы- несие қатынасының артық буыны жойылады. Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды рол атқарады. Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттелеп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады. Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша банкісі құрылады. 2004 жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 122,1 млрд теңгені құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 9,4% –ды құрады.
Ипотекалық несие- жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынандай ерекшеліктері бар:
-ипотекалық несие- бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады.
— ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
— ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.
Ипотекалық несиелеудің отаны- Германия: алғашқы мемлекеттік ипотекалық банк 1770 жылы Силезияда аса ірі помещиктің шаруашылықтарға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылды. ХІХ ғасырдың бас кезіндегі ипотекалық банктің қызметі шағын помещиктің меншік иелерінеде қолданыла бастады, ал ХІХ ғасырдың орта шенінде бірқатар шаруа қожалықтарына қолданылды. Алғашқы жекеше акционерлік және «таза ипотекалық банк» 1962 жылы Франкфуртте құрылды. АҚШ-та ипотекалық банктер аймақтық мәні бар шағын фермерлік жер банктеріне берліген, ал, Канадада- ипотекалық компанияларға берілген, Англияда ипотекалық несиені берумен құрылыс қоғамдары айналысады.
Мемлекеттік несие – жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарының мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттары негізінде мемлекет тарапынан жұмылдыру себебі бойынша қатынастың жиынтығын білдіреді. Оны мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады. Бұл несие қатынасының субъектісіне, бірінші жағынан, қарыз алушы ретінде мемлекет жататын болса, екінші жағынан- халық, кәсіпорындар, ұйымдар, сондай-ақ, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, мемлекет. Мемлекеттік несиені мемлекеттің өзіндік несиесіне және мемлекеттік борышқа бөлу керек.
Бірінші жағдайда мемлекеттің несие институттары экономиканың әр түрлі секторларын және халықты несиелейді. Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен құрылған, жарғылық капиталы 100% -ды құрайтын екі банк бар- Қазақстан Даму банкі және Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс жинақ ақша банкі. Екінші жағдайда мемлекет уақытша бос ақша ресурстарын жұмылдыру үшін, мемлекеттің бюджет тапшылығын және қоғамның өзге де қажеттіліктерін қаржыландыру үшін халықтан, банктерден және өзге де қаржы-несие…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!