Қайдан келдің бауырсақ балабақшадағы ашық сабақтар

0

Тақырыбы: «Қайдан келдің бауырсақ?»
Мақсаты: 
Білімділік: Нан туралы түсінік беру, дән тұқымымен таныстыру, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.
Тәрбиелік: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:  қызығушылығын ояту, ассоциация, мағнаны тану, рефлексия.
Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру бөлімі. Класс үш топқа бөлініп отырады.
Психологиялық сәт:
Тренинг. «Жүрек жылуы тренингі» оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне жүрек ұсына отырып тілектерін білдіреді.
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
Көктем мезгілінің қандай белгілері бар?
Слайд. Топтастыру. «Көктем»
Жаңа сабақ. 
Тақырыбы:  Ө.Тұрманжановтың өлеңі.
 «Қайдан келдің бауырсақ?»  
Оқушыларды топқа бөліп аламын. Ол үшін суреттер таратамын, бірдей сурет алған оқушылар болып топқа бөлінеді. Үш топқа ат қоямын. 
1 топ – бауырсақ тобы, 
2 топ – тоқаш тобы.
3 топ – торт тобы.
Топтың атына ассоциация жасау, қалай жасалатынын қағазға жазу, шешімдерін жариялау. 
Мағнаны ашу.  
Слайд арқылы бауырсақтың қалай келгенін түсіндіру. 
Бауырсақ пен қуыршақ рөлге бөліп оқиды оқушылыр. 
Нан, бидай туралы  тақпақтар айту, мақал мәтел айту. 
Сергіту сәті. 
 1. Тапсырма. жұптық оқу.  Топтан бір бала оқиды, қалғандары тыңдайды. Солай 3 топтан бір баладан оқып шығады.
Ә) дәптермен жұмыс.  Көркем жазу.
2.  Тапсырма:
Заттың қимылын білдіретін сөздер беріледі.
Секірді. Жүгірді. Ойнады.
Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау, сұрақ қою.
3. тапсырма 
Мына сөздерге сұрақ қой:
Дәрігер,    Алмас,    қоян,  мектеп,    әкелді,    ит,  құрылысшы,     ұшты,   әнші,     орындық,  отырғызды. 
4 тапсырма
Сөздердің қарсы мағналы сыңарын тап:
Ұзын – қысқа
Үлкен – кіші
Биік – аласа
Жүйрік – баяу
Әлсіз – күшті
Оңай – қиын.

5 тапсырма 
Құстар қалай дыбыстайды. Сәйкестендіру сызығы арқылы қосу.

6 тапсырма
Үй жануарларының төлдерін табуға көмектес. Сәйкестендіру сызығы арқылы қосу.

Дидактикалық ойын. «Дәмін сезіп анықта».

Қорытынды:  
Сөзжұмбақ шешу. «Бауырсақ» 
Топтастыру стратегиясы. 
           Бауырсақ                     тоқаш
Тандыр нан             нан             бөлке нан
                Торт
Балалардың айтқан тақпақтары:
1 бала: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!

2 бала: Көктемде егін егетін,
Күзде жиын беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.

3 бала: Астық дала сәулеті,
Астық отан дәулеті.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.

4 бала Нан атасы – бидаймын,
Елге астық силаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма симаймын.
  Мақал-мәтел.
1. “Нан болса, әнде болады”.
2. “Ас атасы – Нан,
Нан атасы — дән”. 
3.“Нан бар жерде тірлік бар”.
4. “Жердің сәні – егін,
Ердің сәні — білім”.
5. “Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті”.
6. еңбек түбі – береке. 

  Үйге тапсырма.   Өлеңді мәнерлеп оқу. Еңбек туралы 3 мақал жазып келу. 
Рефлексия. 
—    Сабақты жақсы түсінгендерің, өте жақсы ұнағандарың күнге жапсырыңдар, түсінбей, сабақ ұнамағандарың бұлтқа жапсырыңдар жетондарыңды.
Бағалау. Жетон арқылы бағалау.                  
—    Енді сабағымызды Қадір Мырзалиевтің мына өлең жолымен аяқтағым келіп отыр:
Бір үзім нан алып қалған өмірді,
Бір үзім нан қолда кетпен ойнатқан,
Бір үзім нан шыңға соқа байлатқан,
Бір үзім нан ала жаздай шөп шауып,
Бір үзім нан құр далада қой баққан. 
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет

Сөзжұмбақ «Бауырсақ»
Б                                    
А         
    У     
Ы                     
       Р     
       С         
      А     
  Қ                                 

1.    Тәтті нан.
2.    Ең қымбат адам.
3.    Онсыз өмір жоқ.
4.    «Кел, балалар, оқылық!»  өлеңінің авторы.
5.    Шағатын жәндік.
6.    Ойын құралы.
7.    Ас атасы.
8.    Облыс атауы.

1 бала: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!

2 бала: Көктемде егін егетін,
Күзде жиын беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.

3 бала: Астық дала сәулеті,
Астық отан дәулеті.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.

4 бала Нан атасы – бидаймын,
Елге астық силаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма симаймын.

 

1.    “Нан болса, әнде болады”.

2. “Ас атасы – Нан,
      Нан атасы — дән”. 

2.    “Нан бар жерде тірлік бар”.

4. “Жердің сәні – егін,
      Ердің сәні — білім”.

5. “Жалқаудың жаны тәтті,
      Еңбектің наны тәтті”.

6.   Еңбек түбі – береке. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!