Асқаров Асанбай | өмірбаяны

0

Асанбай Асқаров (1922–2001) — 15 қыркүйекте Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Меркі ауылында туған. Еңбек жолын 1939 жылы мектепте білім беру жүйесінде бастады. 1942 жылдан 1946 жылға дейін әскери қызметте болды. 

1946–1951 жж. Меркі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, содан кейін Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 

1954–1958 жж. Қазақстан Компартиясы Красногор, Меркі аудандық комитеттерінің бірінші хатшысы, халық депутаттары Жамбыл облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 

1959–1985 жж. Қазақстан Компартиясы Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы болды. 

«Тағдыр», «Судьба», «Жұмақ пен тозақ жырлары» атты өлең кітаптарымен бірге «Ұлы Тұранның ұлдары», «Мен еліммен біргемін», «Өлмейтұғын артымда сөзім қалса» атты өсиеттер жинағы жарық көрген.

Социалистік Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызымен, Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Қайнар қөз: http://www.writers.kz