Алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Польшада 6 жасар бала терезеден секіріп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды. 

Алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды

Бұл туралы TVN24 порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Оқиға 25 наурызда Чеховице-Дзедзице қаласында орын алған. Мачик есімді оқушы аулада досымен бірге ойнап жүрген. Осы кезде терезенің ернеуінен 3 жасар Кордианды көріпті. 

«Ол секіріп кетті. Мен оны ұстап қалдым», — дейді Мачик.

Бүлдіршін 3 метр биіктіктен секірген. Сондықтан оның қағып алған Мачик жараланбапты. Мұнан кейін Кордиан «алаңға барғысы келетінін» айтып, жүгіре жөнелген. Алайда Мачик досымен бірге оны ұстап алып, өзінің анасына алып барыпты. Мачиктың анасы Кордианның ата-анасы тұратын пәтерге барып, есігін қаққанымен, ешкім шықпапты. Артынша ол полиция шақыртқан.

Полицейлер есікті бұзып кіріп, пәтерден Кордианның анасы мен атасын мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табады. Тәртіп сақшылары әйелді тұтқындады. Ол баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін 5 жылға дейін қамалуы мүмкін. 

Ал Кордианды тәтесі өз қамқорлығына алды. 

Полиция өкілі Эльвира Юрас Мачиктің баланы құтқарып қалғаны үшін марапатқа ұсынылатынын айтты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz