әйелі мен балалары туралы не білеміз

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Қазақстан президенті ажырасқан, Тимур есімді ұлы бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ақорда сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны жарияланды. Онда Тоқаевтың ажырасқаны жазылған, бұған дейін ашық мәліметтерде әйелі Надежда Давыдовна екені көрсетілген еді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Ажырасқан. Ұлы – Тимур Қасым-Жомартұлы Тоқаев», — деп жазылған президенттің сайтында.

Бұған дейін Википедияда ел басшысының жұбайы 1957 жылғы Надежда Давыдовна Тоқаева екені көрсетілген еді. Ал қазір онда ол бұрынғы әйелі екені айтылған.



sputniknews.kz