Ұлттық валюта бағамы долларына 367 теңгеге тең болды — Нарық

0

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында долларына 367,41 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

16 қарашадағы күндізгі сауданың бірінші келісімі 365,5 теңгемен өтті. Минимал құны да осы болды, ал максимал құны — 369,8 теңге. Сауданың жалпы көлемі 100,65 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау орындарында 368-370,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 15.15 -те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 67,66 доллар болды.