Сұлулық сыры: Алия Телебарисовадан кеңес
Әйгерім деген әпкем дәрігер-косметолог болғандықтан ылғи да терімнің күтімі жөнінде әпкемнен кеңес алып тұрамын. Ал жазғы уақытта терімді күннен қорғайтын кремдер арқылы қорғаймын. Таңертең ылғалдандыратын, кешке қоректендіретін крем жағамын. Және әрдайым көздің айналасына арналған кремдер де жиі қолданыста болғаны дұрыс. Уақыт болған жағдайда бетке және шашқа арналған маскалар жасап тұру қажет.
Өз-өздеріңізді жақсы көріңіздер, бұл денсаулықтарыңызға пайдасы жоқ тағамдар, жаман әдеттер арқылы зиян келтірмеу. Таңертең қанды жүргізу үшін жаттығу жасау керек. Ішкі көңіл-күйде адамға әсер етеді, сондықтан, үнемі позитивті болыңыздар. Жамандықтан аулақ болып, адамдарға жақсылық тілеңіздер. Осылардың барлығы сіздерге жеңіл және өздеріңізді жақсы сезінуге көмектеседі.