Наурыз көже дайындау әдісі
Құрамы:
— 0,5 кг жылқы еті
— 100 гр қазы
— 0,5 кг қой еті
— 2,5 лит су
— 100 грамм бидай
— 100 грамм күріш
— 100 грамм жарма
— 100 г тары
— тұз;
— айран-1 стақан;
— құрт
Наурыз көже дайындау әдісі:
Етті жуып, қазанға суға саламыз. Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз. Күріш, бидай, жарма тарыны қосып, пісіреміз. Барлығы піскен соң айранды құйып жақсылап араластырамыз.