Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ауылым)

0

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ауылым) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ауылым) на казахском языке

Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.
Іздерім қайда құмдағы,
Су алып қайтқан құдықтан.
Алқызыл гүлдер қырдағы
Бантигім шығар ұмытқан.
Баламен сотқар желді күн,
Желбіреп шашым, жарыстым.
Бойжеткен қызбын мен бүгін,
Ол күндер қалды алыс тым.
Сыбдыры таныс талыңның
Сырлас жел, самал, дауылың.
Оралмас балғын шағымның
Белгісі сенсің, ауылым.