«Қарғайды»: Жұлдыз Өмірғали өзіне тіл тигізгендерден шаршағанын айтты — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Отандық танымалдар сырт көзге бақытты боп көрінгенімен, күйзеліске жиі түсетін көрінеді. Мәселен, Жұлдыз Өмірғали өзін айыптаушылардың сөзінен әбден шаршаған. Сол сияқты Ақбота-Нұр да күйзеліске түскенін жасырмайды.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Айқынның жары Жұлдыздың жанын – жағымсыз жазбалар жабырқатқан.
«Көптеген адамдар мені түсінбей, қарғап жататын кездер болады. Сол жаман сөздер жазады. Оның барлығы менің жүрегіме әсер етеді, шаршадым», — дейді Жұлдыз.
Жұлдыздың мұндай жай-күйін құрбысы Ақбота Сейітмағамбет те жақсы түсінеді. Алайда, әнші аруды қарша бораған сан-алуан пікірлер емес, жүктіліктен кейінгі депрессия қаттырақ мазалапты.
«Соңғы кездері енді босанғаннан кейінгі депрессия дей ма, стресс па сондай болады ғой», — дейді Ақбота-Нұр.
Бұл нәзік жандылардың көңіл құлазуын, Динаяның жағдайымен салыстырғанда түкке тұрғысыз дерсіз. Себебі, жеке өмірі мен өнердегі сәтсіздіктерінен туындаған күйзеліс – бикештің денсаулығына әсер еткен.
«Мен 2 ай бойы ауырдым. Әуеліде белгісіз бір вирустық инфекция болды. Емделмеуінің салдарынан ол асқазаныма, кейін ішегіме кетіп, «анорексия» дертіне шалдықтым», — дейді Диная.
Өнердегі сіңлілерінің қал-жағдайын естіген Мәдина Сәдуақасова болса, жамандық атаулыға қарсы тұра білудің құпиясымен бөлісті.
«Мен өзімді үйретіп қойғам қалай стресстен шығу керек екенін. Енді, бала ғой бүкіл стресстен, бүкіл негатив эмоцияның барлығын сол балам жаза алады», — дейді Мәдина Сәдуақасова.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz