Ресейдегі қазақ спортшысы қарсыласын 100 секундта құлатты

0

Ресейдің атынан шығып жүрген этникалық қазақ Ілияс Хамзин ММА-дағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта нокуатқа жіберді.

Ілияс Хамзин Екатеринбургте өткен аралас жекпе-жектен RCC Intro 3 турниріне қатысты.

Хамзинге жергілікті спортшы Олег Найденов қарсылас атанды.

Этникалық қазақ 100 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бұл Хамзиннің кәсіби мансабындағы екінші жеңісі.

Айта кетейік, Хамзин ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізген болатын.

 

 



Дереккөз: prosports.kz/kz