Жақыпова бұрынғы басшысы Әбілқасымова туралы: Кез келген тапсырманы атқара алады — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Мәдина Әбілқасымованың ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
«Менің бұрынғы басшым кез келген тапсырманы атқара алады. Ол – өте білікті, кәсіби адам, — дейді Жақыпова.
Сонымен қатар ол бұрынғы басшысына табыс тіледі.
«Оның ойына алғанын жасай алғанын қалаймын. Менің ойымша, еңбек министрлігіне арттыру немесе қайта қарау (жәрдемақыны арттыру – ред.) тұрғысында өз позициясын дәлелдеу жеңілірек болады», — дейді ол.
Еске сала кетсек, үкіметтің отставкасына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Мәдина Әбілқасымова бүгін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz