Дәленов 2019 жылы доллар бағамының қандай болатынын мәлімдеді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]


Үкімет отырымында Ұлттық Экономиканың министрі Руслан Дәленов Қазақстанда мұнай өндірісі биыл 2018 жылға қарағанда 1,5 пайызға немесе 1,4 миллион тоннаға төмендейтінін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz 

Руслан Даленов

«Қызмет секторы бойынша үлкен өсім күтілуде. Қызмет секторының негізгі өсімі ішкі сұранымның көбеюі болып табылады. Ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, 2019 жылдың базалық параметрлерлі алдын-ала келісілген деңгейде сақталған. Мұнай бағасы барель үшін  55 АҚШ доллары, бір АҚШ доллары 370 теңге. Жылдық инфляцияның мақсатты дәлізі — 4-6 %», — деп хабарлады министр. 

Руслан Дәленов 2019 жылдағы макрокөрсеткіштердің нақтыланған болжамын ұсынды. 

«2019 жылғы макрокөрсеткіштердің болжамын нақтылайтын факторлар 2018 жылдық ЖІО жайлы мәліметтердің жариялануы, тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторының өсу қарқынының өзгерісі болып саналады. Мәселен, 2018 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 58,8 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылды бағалау үшін жақсы база болып табылады. 2018 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 1,4 млн тоннаға немесе 1,5 пайызға төмендейді. Бұл тау-кен өнеркәсібінің төменірек өсу қарқынын қалыптастырады»,- деді ол.

 

stan.kz