Универсиада. Қазақстандық хоккейшілер финалға шыға алмады

0

Хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы Красноярскідегі Универсиданың финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық команда Словакиямен кездескен.

Матч словак хоккейшілерінің жеңісімен аяқталды – 4:0.

Енді Универсиаданың қола медалі үшін өтетін матчта Қазақстан мен Канада күш сынасады.

Ал финалда Ресей мен Словакия құрамалары кездеседі.

Хоккей. Универсиада-2019. Қазақстан– Словакия – 0:4

0:1 — Злоха — 04:59 

0:2 — Смолка (Злоха) — 30:11

0:3 — Шмида (Бачик, Клема) — 35:19

0:4 — Ржавски (Мартинек) — 59:38



Дереккөз: prosports.kz/kz