Ғажайып ертегі балабақша ойындары

0

Ғажайып  ертегі

 

Білім саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Шығаршылық.
Бөлімі:Тіл дамыту . Көркем әдебиет . Сурет . Жапсыру .
Мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту.
Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту .
Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін , қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі  және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру.
Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: дат,бұйымтай, ізет,бірлік,мейірім.
Көрнекі құралдар:қуыршақ театры, теледидар, қақпа, магнитті тақта, тақырыпқа сай үлгілер.
Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, желім, қызғылт түсті қағаз, сулық, допшалар, құм жәшігі.    
Билингвистикалық компонент: күн – солнце – sun , апа – бабушка – grandmother
ата – дедушка – grandfather.
Инклюзивтік әлеумент: даму мүмкіншілік шектеулі балаларға жеке көмек көрсету.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен  сәлемдесейік.
— Біз әдепті баламыз ,
  Біз ерекше боламыз .
  Қонақтарды көргенде 
  Сәлеметсіздер ме ? – деп ,
  Сәлемдесіп аламыз .
 Шаттық шеңбері:
  Балабақшам армысың !
  Сені жақсы көремін .
  Достарым менің бармысың !
  Құшақтасып алайын .
-Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін берілген карточкадағы суретке байланысты жылы лебіздеріңді білдіріңдерші.(Магнитті тақтаға суретті іліп тілегін айтады)
«Күн» — Әрқашан күн сөнбесін .
«Су» — Суымыз тұнық болсын .
«Нан» — Нанымыз көп болсын .
-Күнді орысша не дейді ?  Ағылшынша не дейді ? (солнце – sun )
Ұйымдастыру.
— Сендерге ертегі ұнайды ма ?
Ертегі тыңдағанды жақсы көрксіңдер ме? 
Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп , кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады.(мен «бауырсақ» ертегісін көрдім…т.с.с.)
Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте,ерте,ертеде…)
Қандай ертегілер болады ?(аңдар туралы, құстар туралы,қиял-ғажайып..)
Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс…)
-Ал, енді балалар мен сендерге ертегі айтып берейін.(ертегі айтылып жатқанда қуыршақ театры арқылы көрсетіледі )
-Ерте,ерте,ертеде бір ауылда Асанбай ата мен Жамиля апа өмір сүріпті.(Олардың Құралай деген қыздарын мыстан кемпір ұрлап кетіп балалардан көмек сұрайды,балалар уәде береді.).Осы кезде қорқынышты әуен шығып мыстан кемпір ұшып келеді.
— Сендер мұнда неге жиналып алғансыңдар?
-Мыстан ханым сізге қояр датым бар.Біз, Құралай қыз сізде деген хабар  есті- дік.Қызымызды қайтарсаңыз қандай болсада шартыңызды орындаймыз.
-Мына балалардың қолынан не келеді дейсің.
-Бәрі келеді «Үлкеннен ақыл, кішіден ізет сұра » демейме атам қазақ.Балалар гүл егеді, үй соғады…т.б.(балалар түлі-түсті мақталы таяқшамен үйдің пішінін құрастырады ,тақпақ айтады.
             Біздің үйде ән тарап ,
             Думандатар өмірді .
             Біздің үйде салтанат ,
             Біздің үйде көңілді .)
-Сендер бір үйде тату тұралмайсыңдар . Ертегідегі аңдар секілді үйлерің сынып қалады.
— «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші достық шеңберін жасап , дос туралы өлең тақпақ, мақал-мәтелдер айтып беріңдерші.(Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.)
-Мыстан ханым Құралайды жіберіңізщі.
-Жоқ ,мен балаларды шаршатамын,
тапсырмаларды орындамай қалса Құралай өзімде қалады. 
Мыстан балаларға ертегілерді шатастырып айтып қатесін табуларына ұсыныс жасайды.
Д/о.Дұрысын тап.(Баяғыда бір ешкінің жеті қозысы болыпты…т.с.с.)
-Мыстан ханым балалар теледидардағы тапсырманы да орындай алады. Ойынның аты «Мен бастаймын,сендер аяқтаңдар » (теледидардан топтағы бір баланың анасы тапсырма береді.Мысалы:ата мен апаның суретін көрсетіп «Баяғыда…….» ата мен апа болыпты — деп балалар аяқтайды).
-Мыстан ханым бір келісімге келейік. Жол жүріп шаршап келдіңіз, балалармен бірге бойыңызды сергітіп алыңыз.Балалар сізге арнап сыйлық жасамақшы, мүмкін сонда жүрегіңіз жұмсарар.
Сергіту сәті.
Ойын: Кім жылдам.
Балалар ойын арқылы суретті карточканы  (күн, гүл, жүрек ) өз қалаулары боынша тандап алып сол бойынша орталықтарға бөлінеді.
1-орталық: «Жүрек», алдын ала бейнеленген жүректі қағазды жұлмалау тәсілімен жапсырады.
2-орталық: «Гүл»,  жай қаламмен үзік сызықтарды қосып гүлдің бейнесін салады, саусақпен гүлді бояйды.
3-орталық: «Күн» , құм терапиясы . Өздерінің қалауы бойынша құммен сурет салады.
Саусақ жаттығуын кішкентай допшалармен жасайды.
Балалардың жұмысы көрме ұйымдастыру арқылы бағаланады.
-Қандай керемет сыйлық. Маған ешкім мұндай сыйлық берген емес.Құралай қыздарыңды қайтарып берейін.(Сиқырлы қақпадан Құралай қызды шығарады) 
Асанбай ата мен Жамиля апай  балаларға рахмет айтып қоштасып кетеді .
-Балалар сендерден жақсы қасиеттерді үйрендім.Мен енді мейірімді боламын. Рахмет сендерге ,сау болықдар.
Рефлексивті түзету: Оқу іс-әрекетін қорыдындылап, балаларды мақтап , мадақтайды.
Гүлдей әдемі болсын . Жүректі мейірімді болсын деп сыйладық.Ата-дедушка-grandfather,
Апа-бабушка-grandmother.
Күтілетін нәтиже:Не білді:Дер кезінде көмек көрсетуді білді.
Не меңгерді:Ертегі арқылы достық, адамгершілік, мейірімділік қасиетерін меңгерді. 
Не істей алады: Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!