26 жастағы қазақ боксшысы тағы да қарсыласын сұлатып салды – видео
Сапарбай Айдаров Гана боксшысын екінші раундта нокаутқа түсірді
Бүгін түнде Гананың астанасы Аккрада қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров (2-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы жергілікті боксшы Стивен Окине (13-16-1, 7 КО) болды. Төрт раундтық жекпе-жектің екінші раундында Айдаров нокаутпен жеңіске жетті. Шешуші сәттің видеосын Сапарбай инстаграмдағы парақшасында жариялады.
https://www.instagram.com/p/BuxXt1Kh-m5/?utm_source=ig_embed
Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы Сапарбай Айдаров алғашқы жекпе-жегін Үндістанда 3 ақпан күні өткізген болатын. Ол кезде Хайдерабад қаласында жергілікті мектептің өкілі Харш Пурохитті (0-2) техникалық нокаутпен ұтты.
sputniknews.kz