Курстық жұмыс: Биология | Қантты диабет
Инсулин көптеген зат алмасу үрдістеріне әсер етеді. Сондықтан оның жеткіліксіздігінде барлық зат алмасулар бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бүлінеді. Гипергликемия дамиды. Бұл кезде көмірсулары алмасуының бастапқы сатылары тежеледі. Бұлшықеттерде және май тіндерінде, миокардта глюкозаның қаннан және жасуша аралық сұйықтан жасуша ішіне өтуі қиындайды. Ары қарай жасуша ішінде глюкозаны пайдалану шектеледі. Өйткені глюкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергиялық алмасуына әсер ететін ферментердің түзілуі тежелген. Қалыпты жағдайда гексекиназа (бұлшық және жүрек еттерінде, бүйректе) және глюкокиназа (бауырда және май тіндерінде) глюкозаны фосфорлайды: глюкоза + АТФ = глюкоза-6-фосфат + АДФ. Ары қарай фосфорланған глюкоза тотығу-тотықсыздану реакциясына ілігеді. Көрсетілген ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде жасушалардың глюкозаны пайдалануьі бұзылады.
Инсулиннін жеткіліксіздігі гликогенсинтетаза ферменгінін, белсенділігін төмендетеді. Сондықтан бауырда, бұлшықеттерде қашты диабет кезінде глюкозадан гликогеннің түзілуі азаяды да, глюкоза бос күйінде сақталып қалады. Бұл кезде глюкозаның пентоздық-фосфаттық жолмен тотығуы нашарлайды. Сондықтан рибоза мен НАДФ.Н2 коферменті құрылуы азаяды. Ал, бұлар нуклеин және май қышқылдары түзілуіне қажет.
Сонымен бірге, инсулин жеткіліксіздігінде амин қышқылдарынан, глицериннен, сүт, пирожүзім, кетоглютар қышқылдарынан глюкозаның түзілуі (глюконеогенез) көбейеді.
Сайып келгенде, қантты диабет кезінде инсулиннің жеткіліксіздігінен:
— гексокиназа, глюкокиназа ферменттерінің белсенділігі тежелуден
глюкозаның жасуша қабықтары арқылы өтуі және оның тіндермен пайдаланылуының төмендеуі;
— бауырда, бұлшықеттерде гликоген түзілуі азайып, оның ыдырауының көтерілуі;
— гликоза-6-фосфатаза ферментінің әсерленуінен глюкозаның фосфорсыздануының немесе фосфор қышқылынан ажырауының артуы;
— пентоздық-фосфаттық тотығу жолдарының бұзылыстарынан
көмірсулары өнімдерінің майларға ауысуының азаюы;
— гликонеогенездің артуы сияқты құбылыстар жинақталып келіп
гапергликемия дамуына әкеледі.
Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға төзімділігі (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75г/кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль/л (140 мг%)-ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал, инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3 ммоль/л-ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң да жоғары деңгейде сақталып қала береді.
Қанда глюкозаның деңгейі тұрақты көтерілгенде ол жасушаларға бүліндіретін әсер ететін өнімдерге айналады. Мәселен, глюкозаның тотықсыздануынан көптеп полиолдар (сорбитол спирті, фруктоза) түзіледі. Полиолдар мен олардың өнімдері тамыр қабырғаларының жасушаларынан қанға нашар шығарылады және олардың ішінде осмостық қысымды жоғарылатады. Сондықтан жасушаларға судың артық түсуіне және олардың ісінуіне әкеледі. Бұл жасуша ішінде электролиттердің алмасуы бұзылыстарын (калий иондары жасуша сыртына шығып кетеді) туындатады, амин қышқылдарының жасуша қабықтары арқылы тасымалдануын бөгейді. Жасушаларда зат алмасуларының бұзылыстарынан АТФ, глутатион мен нәруыздардың түзілулері азаяды.
Қанда глюкозаның артық мөлшері галактозаға айналады да, қан-тамырларының сыртқы қабығының құрамына кіретін глюкозамин-гликандардың түзілуі азаяды. Қалыпты жағдайда олар тіректік мембраналарда теріс дәрмен туындатып, қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігін қадағалап тұрады. Сондықтан қантты диабет кезінде әртүрлі тіндерде: қолқада, бүйректе, бүйрек үсті бездерінде, теріде, көздің торлы қабығында, қанда глюкозамингликандардың деңгейі азаяды. Осыдан бұл аурудың ең жиі көріністері: қан тамырларының бүліністері (ангиопатиялар) және бүйректің бүліністері (нефропатиялар) байқалады.
Бұл кезде бүйрек ңызметінің бұзылыстары дамуын гипергликемиямен және бүйректік қанайналымның бұзылыстарымен түсіндіреді. Қандағы артық глюкоза протеинкиназа С ферментінің белсенділігін арттырып, бүйрек тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді. Содан бүйрек шумақтары арқылы несептің сүзілуі көбейеді, несепке нәруыздардың сүзілуі артады, протеинурия дамиды. Несепке шығарылған нәруыздар мен липидтер қылтамырлар аралық кеңістіктерге жиналып, бүйрек шумақтарының беріштенуін туындатады, нефрослероз дамытады. Осыдан артынан несеп сүзілуі азаяды, уремиялық уыттану байқалады. Бүйрек тамырларының өзгерген эндотелий жасушаларының гипергликемияға сезімталдығы көтеріледі. Сол себепті Виллебранд факторының, плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштерінің, тромбомодулиннің, эндотелин-1-дің, нитроксидтің, әртүрлі өсу факторларының өндірілуі көбейеді. Олардың әсерлерінен тромбоциттердің әсерленуі болып, тромбоксан А2, тромбоциттік фактор-4, тромбоглобулин түзілуі артады. Олар өз алдына тромбоциттердің өзара жабысуын күшейтеді. Тромбоксан А2 қан тамырларының жиырылуын туындатады. Осылардың нәтижесінде диабеттік нефропатия дамиды.
Глюкозаның қандағы жоғары деңгейі глюкозурияға әкеледі. Бұл кезде бастапқы несепте глюкозаның деңгейі 8,0—10,0 мМ/л-дейін болса, онда ол бүйрек өзекшелерінде толығынан кері сіңіріледі. Бұл бүйрек өзекшелерінің ең жоғары кері сіңіру мүмкіншілігі немесе «бүйрек межесі» деп аталады. Ал, бүйрек шумақтарында қаннан глюкозаның несепке сүзілуі осы көрсетілген деңгейден тым артып кетсе, онда ол, «бүйрек межесінен» өтіп, несеппен сыртқа шығарылады. Глюкозаның несеппен шығарылуы организмнен суды көптеп ала кетеді. Осыдан полиурия дамиды. Бұл организмнің сусыздануына қан сұйығында осмостық қысымның көтерілуіне, шөлдеу сезіміне полидипсияға (грек. polydipsia — сусамыр, қатты шөл) әкеледі.
Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде амин қышқылдарының жасуша қабықтары арқылы тіндерге өтуі төмендейді, олардың ыдырауы артады. Аминотрансферазалар мен дезаминдеу ферменттерінің белсенділігі көтеріледі. Амин қышқылдарынан амин топтары бөлініп, зәрнөсілге (мочевинаға) айналуы көбейеді. Сондықтан қан мен несепте оның деңгейі артады. Әдетте ол 3—7 мМ/л (немесе 20—40 мкг%) болады. Амин қышқылдарының қалдықтары глюкоза түзілуіне пайдаланылады, глюконеогенез артады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшықеттердің атрофиясы дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңді қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.
Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Май қышқылдарының артық ыдырауынан ацетил-КоА көптеп түзіледі. Ацетил-КоА Кребс оралымында, әдеттегідей тотықпай, тіндерде жиналып қалады. Артық ацетил-КоА диабет кезінде холестерин түзілуін көбейтеді. Сонымен бірге, бұндай науқас адамдарға сырттан енгізілетін инсулин артерия тамырларындағы тегіс салалы ет жасушаларының өсіп-өнуін күшейтеді. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.
Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кето-ацидоз дамуы байқалады. Кетондық денелер орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді.
Қантты диабет кезінде тұздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішіне тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ несеппен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың несебінде натрий иондары көбейеді.
Несепте глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, натрий мен калий иондарының деңгейлері көтерілуі организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан қантты диабет кезінде тәулігіне 8—10 л несеп шығарылады.
Диабеттік кетоацидоз. Қантты диабет кезінде тіндерде кетондық денелердің тотығуы және олардың несеппен шығарылуы шектеледі. Содан организмде кетондық денелердің артық түзілуі ауыр кетоацидоз дамуына әкеледі. Кетоацидоз инсулиннің, бездік жеткіліксіздігі нәтижесінде, толық болмауынан дамиды. Ол организмде газдық емес ацидоз дамуымен, рН төмендеуімен, гапервентиляция, гиперкетонемия, кетонурия дамуларымен сипатталады. Ацетосірке және бетаоксимай қышқылдары организмнен натрий, калий және аммоний катиондарымен байланыстырылып шығарылады. Натрий иондарының артық шығарылуынан организмнің сусыздануы, айналымдағы қан көлемінің азаюы, артериалық қан қысым мен бүйрек шумақтарында несеп сүзілудің төмендеуі, метаболизмдік ацидоз т.с.с жағдайлар байқалады. Осы өзгерістердің нәтижесіңде диабеттік кома дамиды. Бұл кезде жүрек айну, құсу, сирек және терең Кусмауль тынысы пайда болады, сана-сезім бірде болып, бірде болмайды, қан қысымы күрт түсіп кетіп, коллапс дамиды. Қанда глюкозаның деңгейі 25 ммоль/л-ден астам, рН төмен болады. Несепте глюкоза мен кетондық денелердің мөлшері көбейеді.
Диабеттік кетоацидозды емдеу тәсілдері организмнің сусыздануын, гипергликемияны, ацидозды аластауға бағыпталуы керек. Ол үшін организмге физиологиялық сұйық, инсулин және гидрокарбонат немесе лактат сұйықтарын енгізу қажет. Қазір ұйқы безінің бета-жасушаларын науқас адамдарға ауыстырып отырғызу операциялары қолданылуда.
Гипергликемиялық, гиперосмостық қома. Диабеттік команың бір түрі болып гипергликемиялық, гиперосмостық, кетогендік емес, кома есептеледі. Бұл кома инсулинге тәуелсіз диабет кезінде ұлғайған науқас адамдарда дамиды. Ол организмнің сусыздануымен, тырыспа-селкілдек ұстамаларымен және комамен сипатталады. Қанда глюкозаның деңгейі 55 ммоль/л-ден астам көтеріледі, ал кетондық денелердің мөлшері көтерілмейді, кетоацидоз дамымайды. Бұл кезде организмдегі бар инсулиннің деңгейі майлардың ыдырауын азайтуға жеткілікті болады, бірақ ол тіндердің глюкозаны пайдалануын қамтамасыз ете алмайды.
ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Емдік дене шынықтыру дегеніміз — «дәрілік шипа» болып табылатын дене шынықтыру жаттығулары. Олар емдік және профилактикалық мақсатқа қолданылады. Емдік дене шынықтырудың бірнеше түрі бар.
1. ТТГ — таңертеңгі гигиеналық гимнастика (10—12 жаттығу). Ол таңертеңгі тамаққа дейінгі уақытта және мүмкіндігіне қарай таза ауада немесе ауасы жақсы тазартылған бөлмеде 10—15 минут бойы жасалады. Гимнастика организмді ңыздырады, ауру адамның жалпы күш-қуатын арттырады, оның көңіл-күйін сергітеді.
2. Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) кабинетіндегі сабақ немесе емдік гимнастика. Бұлар емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушының басшылығымен күннің кез келген мезгілінде жүргізіле береді. Процедураның ұзақтығы 15 минуттан 45 минутқа дейін созылады. Жаттығулар комплексі ауру адамның жеке басының ерекшелігі ескеріле отырып жасалады. Емдік гимнастика процедураларын бір топ
адамға (аурулары бірдей 2-3 адамнан 10 адамға дейін) немесе әрбір аурудың жеке басына арнайы өткізуге рұқсат етіледі.
3. Ауру адамдардың өз бетінше өткізетін жаттығулары. Бұл емдік гимнастика процедурасына қосымша немесе көмекші болып табылады. Ол қимылға байланысты жұмысты арттыруға мүмкіндік береді. Өзінше өткізетін жаттығуды күні бойы 2—10 реттен қайталайды; өзінше өткізетін жаттығудың әрқайсысында 1—3 жаттығудан жасайды. Жаттығу емдік дене шынықтыру кабинетінде ауру кісіге нұсқау
берілгеннен кейін барып еткізіледі.
4. Терренкур немесе арнайы жасалған белгілі бір маршрут бойынша бөлінген жеке бір қашықтыққа барып-қайту, тегіс жермен, сондай-ақ бірқалыпты аяңмен тауға шығу. Терренкур көбінесе курорттар мен санаторийлерде жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтырып, нығайту мақсаты үшін қолданылады.
5. Спорттық жаттығулармен шұғылдану. Емдік дене шынықтыру практикасында шаңғымен, конькимен серуенге шығады, суға жүзеді, қайықпен (есіп), велосипедпен жүреді.
6. Жеңіл дене еңбегі — бау-бақша, огородта жұмыс істеу, қар күреу және басқалар.
7. Серуендеу, экскурсияға шығу, жақын жерге туристік жорық. Бұлар емдік дене шынықтыруда ауру кісі режимінің ширақтығын арттыру мақсатында қолданылады. Серуендеу арнайы ұйымдастыруды талап етпейді, сондықтан да оны ауру адамдар өздерін емдеген кезде де (ауруханаларда, санаторийлерде) және үй жағдайында да пайдаланады.
Бір ғана дәрі-дәрмекпен емдеудің тиянақты нәтижеге жеткізе қоймайтынын ұмытпау керек. Тек дұрыс еңбек режимін, демалысты, тиімді тамақтануды, дәрі-дәрмектер ішуді, емдік дене шынықтыру мен массажды ұштастыра білгенде ғана көздеген мақсатыңа жете аласың.
Емдік дене шынықтыру қантты диабет ауыруы ауруының негізгі фазасынан (үшінші саты) басқа барлық сатыда да қолданылатындығы айтылды. Емдік дене шынықтыруды осы аурудың бастапқы дамыған кезеңінде (алғашқы сатысы) қолданған тиімдірек келеді. Емдік гимнастиканың дене шынықтыру жаттығулары ауру адамның нақты жағдайына дұрыс әсер етеді, ол қозғалысының бөгелуін сезбейді, жүріс-тұрысы пысықталып, басының айналып, зіл басқаны азаяды.
Емдік дене шынықтырудың әсерінен қан қысымының төмендеуі де жиі байқалады.
Емдік дене шынықтырудың міндеті, негізінен алғанда, ауру организмнің нығайып, сауығуына жеткізу, ми қыртыстарындағы қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдікте болуына, аурудың сол адамға тән әр түрлі көріністерін жеңілдетуге жеткізу болып табылады.
Емдік дене шынықтыру комплексіне қол-аяқ пен кеудеге арналған жаттығуларымен қатар, тыныс алу жаттығулары да міндетті түрде ендіріледі.
Жаттығуларды ырғақпен, бірқалыпты жайлап жасау керек. Мұндай кезде бастапқы қалып кеудені көтеріңкі ұстаған жағдайда, көбінесе отырған, жатқан күйде болуға тиіс. Спорт жаттығуының ұзақтығы 10 минуттан 25 минутқа дейін созылады. Басты еңкейтуге байланысты және көбірек күш түсетін гимнастикалық жаттығуларды жасаудың қажеті жоқ.
Енді гигиеналық гимнастика жаттығуларының үлгі комплекстерін келтірейік.
Бірінші жаттығу. Қолдарыңызды екі жаққа жазып, демді ішке алыңыз, қолды босатып түсірген кезде демді сыртқа шығарыңыз. Демді мұрынмен алып, ауыздан жайлап шығарыңыз. Бұларды 2—3 рет қайталаңыз.
Екінші жаттығу. Аяғыңыздың ұшынан түрып, саусақтарыңызды жұмыңыз, содан кейін өкшеңізбен тұрып, саусақтарыңызды жазыңыз. Осылайша 6—8 рет қайталаңыз. Ал тынысты еркін алыңыз.
Үшінші жаттығу. Тік тұрып, екі қолыңызды айқастыра екі иығыңыздан орап ұстаңыз. Қолдарыңызды жан-жаққа жазып жіберіп, демді ішке алыңыз, содан кейін бастапқы қалпыңызға келіп, деміңізді шығарыңыз. Бұларды 3—4 рет қайталаңыз.
Төртінші жаттығу. Тік тұрып, қолдарыңызды иығыңызға қойыңыз. Аяғыңыздың ұшымен тұрыңыз да, шынтағыңызды көтеріп, демді ішке алыңыз. Отырыңыз да, қолмен тізені құшақтап деміңізді сыртқа шығарыңыз. Осылайша 4—6 қайталаңыз.
Бесінші жаттығу. Алғашқыда тік тұрып, екі қолды бүйірге қойыңыз. Осы қалыпта екі жағыңызға бірдей кезекпе-кезек айналыңыз. Мұны 6—8 реттен қайталаңыз. Жаттығуды жасағанда еркін дем алыңыз.
Алтыншы жаттығу. Тік тұрыңыз. Екі қолды жазып және оң аяғыңызды жаныңызға қарай созып ішке дем алыңыз. Содан кейін бастапқы қалыпқа келіп, демді сыртқа шығарыңыз. Осылайша екі жаққа бірдей кезекпе-кезек 3—4 реттен қайталаңыз.
Жетінші жаттығу. Шалқаңыздан жатыңыз да, тізені бүгіп, екі қолды кіңдіктен төмен айқастырып салыңыз. Ішіңізге ауаны толтыра тартып, 3—6 рет дем алыңыз. Деміңізді шығарған кезде ішіңізді қолыңызбен басып-басып қойыңыз. Ішке дем алғанда қарныңызды қатты қампайтып жібермеңіз. Басыңызды жоғары кетеріқіз.
Сегізінші жаттығу. Шалқаңыздан жатып, екі қолды екі жаққа жазыңыз да, ішке дем алыңыз. Тізені бүгіп, оны қолмен құшақтаңыз да, кеудеге қарай тартып, демді сыртқа шығарыңыз. Екі аяқты кезек-кезек 3-4 реттен бүгіп, созыңыз.
Тоғызыншы жаттығу. Шалқалай жатыңыз. Велосипедке мініп жүргендей 6—8 рет ілгері кейін жүріс жасаңыз. Дем алу еркін болсын.
Оныншы жаттығу. Төсектің үстінде отырып, ілгері үмтыла қолыңызды аяғыңыздың ұшына жеткізіңіз. Шалқаңыздан жатып, екі қолды жоғары көтеріп, ішке дем алыңыз. Қолға сүйенбей отырып, демді сыртқа шығарыңыз. Қолға сүйеніп түрып отыруға да болады немесе аяқты жайлап көтеріп, кереуеттің ернеуіне аяқтың ұшын тіреп отыруға да болады. Жаттығуды қиындата түсу үшін екі қолды бүйірге, төбеге қойыңыз.
Он бірінші жаттығу. Мұнда бірінші жаттығу қайталанып жасалады.
КОМПЛЕКС БОЙЫНША ЖАСАЛАТЫН ЕМДІК ГИМНАСТИКАНЫҢ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Бірінші жаттығу. Орындыққа отырып, демді ішке толтыра алыңыз. Демді сыртқа шығарғанда ішіңізді қолыңызбен баса түсіңіз. Ішіңізге дем алғанда қарныңызды қатты қампайтпаңыз. Осы айтылғандарды 3—4 рет қайталаңыз.
Екінші жаттығу. Алғашқыда орындыққа отырып, аяқ-қолыңызды төмен қарай созыңыз. Қолыңыздың саусақтарын жұмып-жазыңыз. Табаныңызды бірдей бүгіп-жазыңыз. Жаттығуды 10—15 рет қайталаңыз. Бұл кезде еркін тыныс алыңыз.
Үшінші жаттығу. Алғашқыда орындықтың шетіне отырып, екі қолыңызбен екі шетінен ұстаңыз. Екі тізені кезекпе-кезек бүгіңіз. Жаттығуды 4—6 рет қайталаңыз.
Төртінші жаттығу. Алғашқыда орындықтың арқасына сүйеніп отырып, қолдарыңызды екі жаққа солып, демді ішке алыңыз, осыдан кейін қолыңызды түсіріп жіберіп, демді сыртқа шығарыңыз. Жаттығуды 3—4 рет қайталаңыз.
Бесінші жаттығу. Алдымен тік тұрыңыз. Қолды бүйірге тіреп, аяғыңызды жоғары көтере басып жүріңіз. Осылайша 1,5—2 минуттай жүру керек.
Алтыншы жаттығу. Тік тұрыңыз. Екі қолыңызды екі жаққа жіберіп, демді ішке алыңыз. Қолыңызды түсіріп, демді сыртқа шығарыңыз. Бұл жаттығуды 4—6 рет қайталаңыз.
Жетінші жаттығу. Тік тұрыңыз. Сол аяқты тура артқа жіберіп, екі қолды жоғары тік көтеріп, демді ішке алыңыз да, кеудеңізді кейін қарай сәл шалқайтыңыз. Осыдан кейін бастапқы қалпыңызға қайта келіп, демді сыртқа……