Курстық жұмыс: Экономика | «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның 2004-2005 жылдардағы қаржылық жағдайына баға беру
[quote]
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіші ………………………………………………………………………….
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы түсінігі және оның мәні ………………
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштері мен ақпараттық негіздері ………………………………………………………………
2. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның 2004-2005 жылдардағы қаржылық жағдайына баға беру……………………………………. …………
2. 1. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау ……………………………………………………………………………….
2.2. Баланс активтерінің динамикасын және құрамы мен құрылымын талдау ………………………………………………………………
2.3. Кәсіпорынның меншікті капиталын талдау. ………………………………
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары …………
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қазіргі кездегі мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары ………………………………………………………
Қорытынды ……………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылыгы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылыгы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жагдайын талдау қажет.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіші
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы түсінігі және оның мәні
Жалпы кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіліуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін бірнеше көрсеткіштерді зерттеу қажет. Атап айтқанда, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, кәсіпорынның баланс өтімділігі, кәсіпорынның төлем қабілетттілігін бағалау, кәсіпорынның табыстылығы және қызметінің тиімділігіне баға беру. Енді осы көреткіштердің әр қайсысына жеке тоқталайық және «Тараз-орманы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қаржылық мәліметтері негізінде аталан мекеменің қаржылық жғдайын анықтайық.
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы». Сондықтан да қаржылық тұрақтылығы барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен, және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дережеде болу керек. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі даму үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындалғаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуда, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей түрлерге жіктеуге болады:
1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәспорынның өінің жұмысын ұйымдастыруға байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның өндірілетен өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығынын маңызды факторларының бірі — активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомадан ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімның құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштері мен ақпараттық негіздері
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігінін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері юойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова төлем қабілеттілігі: “кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған”,-деп жазады. “Фирманың қызметін қаржылық талдау” кітабының авторлары даосы көзқарасты ұстайды.
“Төлем қабілеттілігін, — деп жазды олар, — компанианың ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды”.
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, “Шаруашылық қызметті талдау” оқулығының авторлары “Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. “Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, — бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы”. Сөз тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі — бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесінүзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Профессор В.В. Кавалев төлем қабілеттілігі деп оның “қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытанда және толығымен жүргізу қабілеттілігін” түсінеді. “Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, — кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарыныңжәне олардың эквиваленттерінің болуы”. Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы. “Төлем қабілеттілігі,- деп жазды ол,- бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек”.
Қысқа мерзімді міндеттемелерін жайлы болса да, бұл түсінікті професор А.Д. Шермет басқаша ашып көрсетеді.Ол “кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдереңгізу қабілеттілігі түсіндіріледі” деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П Кондраков береді. Оның пікірінше “төлем қабілеттілігі — бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі”. Бұл жағдайда міндеттеме — бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын(қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндетті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімін ің өтуіне байланысты,қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары “несиелер” 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтермен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздардыөтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал матриалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (брінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
2. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның 2004-2005 жылдардағы
қаржылық жағдайын талдау
2. 1. «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ-ның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Өнімнің өзіндік құнының маңызды талдап қорытындылайтын көрсеткіші — жалпы өнімнің шығындары болып табылады. Біріншіден, ол өте жан-жақты (өндірістің кез келген саласында есептелінеді), екіншіден, өзіндік құн мен табыс арасындағы тікелей байланысты көсетеді.
«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 жылдағы есеп беру формаларын пайдалана отырып келесі негізгі аналитикалық кестені құрамыз.
2.1. кестеден көрініп тұрғандай, өнімді сатудан түскен табыс 2005 жылы 93714 мың теңгені құрады, ол 2004 жылғы деңгейге қарағанда 18901 мың теңгеге көп. Өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 13670 мың теңгені құраса, 2005 жылы 22591 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылғы деңгейге қарағанда +8921 мың теңге жоғары, есеп беру жылы сатылған өнімнің өзіндік құнының
Кесте 2.1.
«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 ж.ж. қызметінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Іс жүзінде Ауытқу
(+;-)
2004 ж 2005 ж
1 Өнімді өткізуден түскен табыс мың тг 74813 93714 +18901
2 Өндірілген өнімнің өзіндік құны мың тг 13670 22591 +8921
3 Жалпы табыс мың тг 61143 71123 +9980
4 Кезең шығындары мың тг 43418 43344 -74
5 Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) мың тг 17725 27779 +10054
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) мың тг 2004 1654 -348
7 Табыс (зиян), барлығы мың тг 19727 29433 +9706
8 Жұмысшылардың орташа тізімдік саны Адам
44 49 +5
9 Жұмысшылардың еңбек ақы қоры мың тг 10560 10584 +24
10 Бір жұмысшының орташа жылдық еңбекақысы тг
240 216 -24
11 Негізгі құралдардың орташа жылдық құны мың тг 29876 37191 +7315
12 Қор қайтарымы тг. 2,50 2,52 +0,02
пайыздық қатынасы 165,3 % құрады. Кезең шығындары 2005 жылы 43344 мың теңгені құрады, ол 2004 жылға қарағанда -74 мың теңге аз. Мұндай жағдай негізгі қызметтен түскен табыстың +10054 мың теңгеге өсуіне алып келді.
Жұмысшылардың орташа тізімдік санының 5 адамға көбеюі еңбек ақы қорының 24,0 мың теңгеге ұлғаюына (10584-10560) алып келді.
Еңбек ақы қорының ұлғаюы бір жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысының өсуіне әсер ете алмады, ол өткен жылға қарағанда 24 мың теңге азайды.
Есеп беру жылы негізгі қорлардың орташа жылдық құны 7315 мың теңге өссе, бұл өсу қарқыны 124,5 % құрады.
2005 жылы қор қайтарымы 2,52 теңге болды, бұл 2004 жылға қарағанда +0,02 тг көп. Бұл негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғанын көрсетеді.
Осылайша, «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ есеп беру жылы табысты болды. Сонымен бірге кәсіпорын қызметінің кері жақтары да бар. Бұл өзіндік құнның өсуі, кезең шығындарының, еңбек ақы қорының өсуі, қор қайтарымының төмендеуі.
Осылайша, «Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ есеп беру жылы табысты болды. Сонымен бірге кәсіпорын қызметінің табысты жақтары да бар. Бұл өзіндік құнның өсуі, кезең шығындарының, еңбек ақы қорының өсуі, қор қайтарымының жоғарылуы.
Кесте 2.2
«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ 2004-2005 ж.ж. сатылған өнім көлемінің негізгі қорларға әсерін бағалау
№ Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Нақты Ауытқу
( +;-)
2004 ж. 2005 ж.
1. Сатылған өнім көлемі мың тг. 74813 93714 +18901
2. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны мың тг 29876 37191 +7315
3. Қор қайтарымы мың тг 2,50 2,52 +0,02
4. Қор сыйымдылығы мың тг 0,40 0,39 -0,01
Негізгі құралдардың тиімді пайдалану көрсеткіштері қор қайтарымы және қор сыйымдылығы болып табылады.
2004 жылы қор қайтарым коэффициенті 2,50 теңге болса, 2005 жылы 2,52 теңгеге тең болды, яғни оның +0,02 теңгеге ұлғаюы байқалады (2,52-2,50).
Қор сыйымдылығы коэффициенті есеп беру жылы -0,01 теңгеге төмендеді (0,39-0,40), бұл қор қайтарымының өсуімен дәлелденіп отыр, ал бұл негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың жақсарғанын білдіреді.
Сатылған өнім көлемінің өзгеруіне еңбек факторлары да әсер етеді. № 1-т «Еңбек бойынша есеп беру» формасына сәйкес келесі кестені құрамыз.
Бұл кестеге сәйкес есеп беру жылы персонал саны 5 адамға көбейіп отыр (49-44). Сатылған өнім көлемінің персоналдың орташа санына бөлу арқылы табылатын бір жұмысшыға келетін орташа өнім көлемі есеп беру жылы +212,2 теңгеге өсті (1912,5-1700,3).
Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану көрсеткіштері материал қайтарымы және материал сыйымдылығы болып табылады. Келесі кестені талдайық….[quote]
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!