Курстық жұмыс: Экономика | Инновациялық инфрақұрылым

0

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………….. 2

1.Негізгі бөлім…………………………………………………………………3

1.1 Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi жай-күйi мен проблемаларын талдау……………………..3 1.2Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдістері……………………………………………………….5
1.3 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және оны талдау…………………………………….7
Қорытынды…………………………………………………………………..10
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………11

1.1Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi
жай-күйi мен проблемаларын талдау

ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар — технологияларының даму деңгейi — бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.
Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi.
Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.
Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi: ЖIӨ-ге 2002 жылы — 0,13%, 2003 жылы — 0,14%, 2004 жылы — 0,16% . Бiрақ, ол бұған қарамастан әлемнiң дамыған елдерiмен салыстырғанда жоғары емес күйде қалып отыр.
Төменде ғылымды жылдар бойынша бюджеттiк қаржыландырудың деректерi келтiрiлген:

2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004ж.
Қаржылан-
дыру
мөлшері,
теңге 2104314 3653177 4332136 6022384 8141116
ЖIӨ-ге % 0,08 0,1 0,13 0,14 0,16

Қаражаттың көп бөлiгі (90%-дан астамы) ғылыми-технологиялық жұмыстарды жүргізуге бағытталған.
2003 жылы мемлекет ғылыми-зерттеу жұмыстарының 88,7% қаржыландырды.
Кейiндеп қалған материалдық базаға қарамастан Қазақстан ғалымдары өнеркәсiптің — көптеген салалары үшiн бәсекелi технологиялық әзiрлемелерге ие. — тау-кен-металлургиялық кешен, химия және мұнай химиясы, биотехнологияның ядролық және әртүрлi салаларға және басқаларына арналған ғарыштық технологиялар саласындағы.
Бұдан басқа, БҰҰ-ның 1995 жылы коммерцияландыру ғылымды бойынша өткiзілген миссиясына сәйкес академиялық институттарының технологияларын iрiктеп сараптамада қазақстандық ғалымдардың 23 әзiрлемесi әлемдiк деңгейде танылғандығын атап өту қажет. Соңғы жылдары халықаралық бағдарламалар шеңберiнде республиканың ғалымдары өз зерттеулерiн қаржыландыруға гранттар ұтып алуда.
Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады.

1.2 Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдістері

Әлемнiң дамыған елдерiндегі инновациялық саясатты қалыптастыру кезiнде жүйелiк әдiсті қолдану әсiресе мынадай әлемдiк экономиканы дамытудың қазiргi заманғы үрдістердің арқасында бiрiншi кезектегi мәнге ие болды:
сапалы адамдық капитал үшiн бәсекесi әлемдiк инновациялық дамудың маңызды сипаттамасы болады, жоғары білікті персоналдың өсiмтал ұтқырлығы да, сондай-ақ білiмдi тарату процесiн қамтамасыз етедi;
білімдi тарату процесiндегi ақпараттық технологиялардың рөлi инновациялық белсенділiктiң одан әрi өсуi үшiн өзектi бола түсуде, бiлiм тарату процестерi жеке экономиканың шегiнен шықты;
жаһандану компанияларды технологиялардың мейлiнше жоғары деңгейлерiне бәсекелесуге мәжбүрлейдi және сонымен бiрге инновацияларды мамандандыру мен оқшауландыру процестерiн ынталандырады.
Инновациялық саясат жүргiзуге жүйелік әдiс тұжырымдамасын iске асырған елдер уақыттың тарихи қысқа кезеңiнде мемлекеттiң өзара іс-қимыл тетіктерiн, бизнестi, ғылымды және білiмдi қамтитын тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе құра алды және жалпы ғылымды қажетсiнетiн ЖIӨ-нi ұлғайтуға қол жеткiздi.
Мысалы, соңғы жылдардағы ғылыми-техникалық саланы жылдам кеңейткен өңiрлерi Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi, Скандинавия елдерi (Финляндия, Швеция) болды. Жаңа индустриялық елдер бір жарым-екі есе ЖIӨ-нiң ғылымды қажетсiнуiн ұлғайтты және еуропа мен АҚШ елдерiнiң көрсеткiштерiне жақындады.
Ғылымға деген «мемлекеттiк тапсырысты» тұрақтандыру немесе қысқарту жағдайында ұлттық бюджеттегi мемлекеттiк сектордың үлесiн қысқарту жаңа оң үрдiс болып табылады. Iрi корпорациялардың ғылыми бөлiмшелерi, шағын және орта ғылымды қажетсiнетiн фирмалар мемлекеттiң көмегiмен құрылған бiлiм беру, инфрақұрылым және экономикалық сипаттағы кейбiр жеңiлдiктер жүйесiне сүйене отырып, ұлттық ғылыми-техникалық дамытудағы өз ұстанымдарын күшейтедi.
Көптеген дамушы елдерде ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi бюджеттен тыс қаржыландыру осы салаға бюджеттiк бөлулердің көлемдерiнен едәуiр асып түседi. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер (бұдан әрі — ЭЫДҰ) бойынша ол орташа алғанда 1981 жылғы 55%-дан 90-жылдың бас кезiнде 65%-ға дейiн өстi.
Бюджеттен тыс қаражаттың бас көзi — iрi ұлттық және трансұлттық корпорациялар жетекшілік ететiн кәсіпкерлік сектор. Дамушы елдердегi кәсiпкерлiк сектордың корпорациясы ұлттық инновациялық жүйенiң маңызды құрылымдары ретiнде тарихи қалыптасты. Солар ғана, зерттеулердi бiр уақытта қаржыландыра отырып және нақты өнiмдер мен технологияларды, ғылыми нәтижелер мен өнертабыстарды iске асыра отырып, ғылыми-техникалық прогрестің (бұдан әрi — ҒТП) негiзгі бағыттары үшiн өзiне экономикалық жауапкершілік алады, олардың үлесiне ғылымды жеке сектордың күштерiмен қаржыландырудың қомақты бөлiгi тиедi. Кәсiпкерлiк сектор жұмсалатын қаражаттың көлемi бойынша, дәл солай ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар мен инженерлердiң саны бойынша ҒЗТК-нiң перспективадағы iрi орындаушысы болып табылады және қала бередi

1.3 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары
және оны талдау

Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген, Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге қайтару болды.
Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi.
технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi.
инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет қызметтер саласына жатады және бұл қызметтердi рынок талап етуi тиiс. Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтерiн «сатып ала» алмайды.
Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау қажет.
Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын мынадай негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:
ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi «жетілдiрудi» жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
ғылыми әлеует мыналарды қамтиды:
мемлекеттiк ғылыми ұйым — ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
материалдық-техникалық база;
Бүгiнгi күнi елдің ғылыми әлеуетi Білiм және ғылым министрлiгiнiң, салалық министрлiктердiң ғылыми ұйымдарымен, жеке ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, шаруашылық жүргiзу құқығындағы сәйкес бейiмдi институттарының қызметiн үйлестіретiн ғылыми зерттеулер бағыттары …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!