«Кішкентай қыз өсті»: Ақжарқын Тұрлыбай алғаш рет туыстарына хат жазды — новости Казахстана
Қытай түрмесіне қамалған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай төрт жылдан бері алғаш рет ата-анасына хат жазды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сотталушының хатын оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов туыстарына тапсырды.
Ақжарқын жақындарына өзі үшін уайымдамауды сұрап, жағдайы жақсы екенін жеткізіпті.
«Денсаулығым өте жақсы, күнде спортпен шұғылданамын. Көп нәрсені үйрендім. Кішкентай қыз өсті», — деп жазған ол.
Сондай-ақ, бойжеткен туыстарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, үмітті үзбеуге шақырған.
«Өтінемін, сабырлық танытыңыздар! Мен қазір өте мықтымын, соңына дейін бойымды тік ұстауға дайынмын. Сіздер де үміттеріңізді үзбеңіздер. Мені үнемі қолдайтындарыңызды білемін және сол маған құламауға күш береді», — дейді Ақжарқын.
Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайда есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынған.
Алайда алданып қалғанын айтқан бойжеткен өзінің кінәсін мойындамайды.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар