Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

0

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 134-ракеткасы, америкалық Варвара Лепченкомен кездесті. 

1 сағат 33 минутқа созылған кездесуде Дияс қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында америкалық Николь Гиббспен негізгі турнирге берілер жолдаманы сарапқа салады. 



Дереккөз: prosports.kz/kz