Халал тағам — денсаулықтың кепілі слайд,презентация
Халал тағам — денсаулықтың кепілі слайд,презентация
¨«Халал»-рұқсат етілген нәрсе деген ұғымды береді, оған қарама- қарсы «харам» сөзі-тыйым салынған деген мағынада қолданылады. Бұл негізінен Ислам әлеміне тән сөз. Аллаһ Тағаланың : «Сендерге Аллаһ өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне орай мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән береді. Сондай-ақ «Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылды» деп баяндалатын Құрандағы нұсқаулардың, қазіргі ғылым өркендеген заманда, «жаман, харам» деп аталғандардың шын мәнінде адам баласы үшін зияны ұшан-теңіз екендігі дәлелденген. Сондықтан халал ас жеудің пайдасы, оның қоғамға тигізер әсері, түрлі аты жаман аурулардың алдын алу үшін харам етілген нәрселерді пайдаланбаудың маңызы зор.