Аничич «Астанадағы» матчтар саны бойынша Нөсербаевқа жетті

0

«Астана» Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында «Қайратты» 2:0 есебімен жеңді. Марин Аничич осы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығу арқылы елорда командасы жейдесіндегі 195-ші ойынын өткізді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі жазды.

Босниялық қорғаушы осы көрсеткіші арқылы Таңат Нөсебаевты қуып жетті. Осылайша, екі ойыншы астаналықтар сапында ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде өзара 4-5 орынды бөлісіп тұр. 

«Астана» сапында Аничичтан көп ойын өткізген үш ойыншы ғана бар. Олар: Ненад Эрич (259 ойын), Абзал Бейсебеков (243) және Дмитрий Шомко (214). 

Марин осы 195 кездесуде 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.



Дереккөз: prosports.kz/kz