Алматыда «Астана» және «Қайрат» футбол клубтарының жанкүйерлері төбелес шығарды (видео) — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Алматыда «Астана» және «Қайрат» клубтары Суперкубок үшін ойнағаннан кейін Орталық алаң маңында футбол жанкүйерлері төбелес шығарды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Төбелестің видеосы желіде тарап кетті. Видео кадрларынан ондаған адамның төбелесіп, бейәдеп сөздер айтып жатқаны байқалады. Полицейлер жігіттерді тәртіпке шақыруға тырысып, оларды ажыратты.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!
«Алматыдағы Орталық алаңда футбол ойыны кезінде тәртіпті бақылаған полиция қызметкерлері жастар тобының арасындағы төбелесті дер кезінде тоқтатты. Олар тұлғасын анықтау үшін Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Олармен ендігі қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — дейді полиция департаментіндегілер.
Айта кетсек, күні кеше «Астана» клубының футболшылары футболдан Қазақстанның Суперкубогын жеңіп алды. Алматыда өткен ойында елордалық команда жергілікті «Қайратты» 2:0 есебімен жеңді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz