Шымкент мектебінде оқушы мұғалімнің ескертуінен кейін ауруханаға түсті: Білім басқармасы пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Шымкенттегі мектептердің бірінде дау туындады. Алтыншы сыныптың оқуышысы мұғалімінің ескертуінен кейін ауруханаға түсіп қалған. Анасының айтуынша, мұғалім балаларға ұрысып, кемсітеді екен. Оқиғаға қатысты қалалық білім басқармасы пікір білдірді.

Шымкент мектебінде оқушы мұғалімнің ескертуінен кейін ауруханаға түсті: Білім басқармасы пікір білдірді

Бұл туралы Оtyrar порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Білім басқармасындағылардың сөзінше, педагог үй тапсырмасын дұрыс орындамаған 6-сынып оқушысына ескерту жасап, дауыс көтерген.

Осыдан кейін өзін нашар сезінген оқушыға мектеп мейірбикесі көмектесіпті. Жедел жәрдем шақырылып, бала ауруханаға жеткізілді. 

Аурухана дәрігерлері балаға «анықталмаған бронх қабынуының асқынған түрі» деген диагноз қойыпты.

Сынып жетекшісі баланың денсаулығына байланысты қиындықтары болмағанын айтты. Ол ешқайда есепте тұрмаған және спортпен шұғылданады.

Сонымен қатар білім басқармасындағылар педагогтың 24 жылдық еңбек өтілі және жоғары санаты бар екенін атап өтті. Бұл мәселе анықталып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz