Денотат — Қазақ тілі

0

  • Денотат (лат. dепоtаtит — белгiлеу) — заттың белгілi бiр нәрсенiң атауы[1].

Денотат бiрнеше мағынада қолданылады:

  • Pеферент орнына жұмсалады, екiншi сөзбен айтқанда, сөйлеушiнiң түсiнiк-қабiлетiне байланысты тілден тыс белгiлерi бойынша атау болып келедi. Мәселен, өз ұғымымызда тарихтан орын алған ұлы ақын, ойшыл, ағартушының да, М. Әуезовтың атақты «Абай жолы» роман-эпопеясының басты кейiпкерiн де Абай деп бiлемiз. «Абай әндерi» фильмiндегiбасты кейiпкер де, «Абай» трагедиясы мен театрдағы спектакльдегi басты кейiпкер де сол Абай деген түсiнiкпен бiздiң жадымызда сақталады. Демек, көркем шығарманың, өнердiң қай жанрында да автордың бейненi қалайша толықтырып, оқиға, тартысқа орай «ойдан» қанша материал қосқанымен, тарихи түлға ретiндегi Абаймен сәйкес деп қабылдаймыз[2].
  • Денотат — белгiлi бiр топтағы заттардың, қасиеттердiң, қатынастардың, жағдай-лардың, процестердiң, қимыл-әрекеттердiң ұқсастықтарына қарай ортақ атау немесе солардың әрқайсысының атауы. Айталық, мал денотаты жылқысиырқойешкi денотаттарының жалпы атауын бiлдiредi, екiншi жағынан, сиыр денотаты мал немесе үй хайуанаттарыденотатын да бiлдiредi. Денотат ұғымы, негiзiнен, лексикалық бірліктерге байланысты жұмсалады.
  • Денотат адамның қызмет бабына, атақ-дәрежесiне т.б. қатысты да пайдаланылады. Сәтбаев денотаты, бiр жағынан, аса көрнектi ғалым ұғымына сәйкес академик денотаттарын еске салады. Сондай-ақ академик денотатын айтқанда, Сәтбаев денотаты да ойға келедi. Мысалға келтiрiлiп отырған ғалымның қоғамдық қызметiн, айталық ғылымды ұйымдастырудағы еңбегiн, депутаттық қызметiн айтқанда да, осыған ұқсас денотаттар қолданылады

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Тегтер:Денотат