Баян Алагөзованің қызы ұзатылды: Той ерекше өтті (фото, видео)

0

Баян Алагөзованің тұңғыш қызы Айсәйуе Бақытбек ұзатылды. Ұзату тойға өнер иелері тегіс жиналды. Тойды өнер әлемінде жүрген Тұрсынбек Қабатов басқарды.

Наурыздың екінші жұлдызында Баян Алагөзова тұңғыш қызын ұзатып, құтты орнына қондырды. Айсәуле Бақытбек қазақы дәстүрмен ұзатылды. Тойға өнер иелері мен ағайын-туыстары, дос-жарандары келді. Ұзату той көңілді өтті. Тұрсынбек Қабатов тойдың сәнін келтіріп, әзіл айтты, тойдың тізгінен ұстады.

Мәдина Сәдуақасова, Айгүл Иманбаева, Аша Матай, Айдана Меденова, Азамат Сатыбалды, Мадина Балғабаева, Динара Сәтжан, Тамара Асар, Дильназ Ахмадиева, Ерғали Әбдраимов т.б. көптеген танымал жандар той қонағы болды.

Өнер жұлдыздар қуанышты сәтті желіде жариялап, қуанышпен бөлісті. Екі жасқа ақ тілегін жазды.

Тойда жас жұбайлардың торт кесу рәсімі өтті. Соңғы сәтті Айсәйлені анасы ақ сәукеле тағып, шығарып салды.

«Ақ жол, қызым», деп жазды Алагөзова желіде Айсәулені шығарып салу сәтін желіге жүктей отырып.

https://www.instagram.com/p/BuhNgYknGPe/

Желі қолданушылары да продюсерге тілегін жазып, Айәулені құттықтап жатыр. Екі жасқа бақыт тілеп, ақ жарна тілектерін арнауда.

https://www.instagram.com/p/BuhdZHIHg4U/

 

stan.kz